Өмірде болатын құбылыстарды, оның ішінде көзге көрінетін құбылыстарды жақсы білеміз. Ал көзге көрінбейтін, қолмен ұстай алмайтын құбылыстар ше? Энергиялық іс-қимылдар... Жағымдысы да, жағымсызы да бар. Мұның барлығы да адамның көңіл-күйіне, сезіміне, ойлары мен тіпті айтқан сөзіне, ісіне де байланысты.
Энергетикалық вампирлер туралы естідіңіз бе? Басқа адамның энергиясын жеп, оны мүлдем шаршату дегенді білесіз бе? Мұндай адамның нысанына түскен адамның көңіл-күйі түсіп, тіпті ауырып та қалуы мүмкін екенін ескеру керек. Осындай құбылыстармен айналысатын ғалымдардың санын анықтай алмайсыз да. Психология ғылымындағы үлкен сұрақтардың бірі болып қалып отырған «Энергетикалық вампир» тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселе болып тұрғаны алаңдатпай қоймас.
Ем-домы? Иә, бар екен. Американдықтар душқа күніне екі рет түсуді өмір сүру салтына бекер айналдырмаған болып шықты. Душқа түсуден басқа амал – ыстық су немесе шәй ішу.
Энергетикалық вампир сіздің бастығыңыз немесе жәй ғана досыңыз болуы мүмкін. Вампир өзі біреудің энергиясын жұтқанын өзі білмеуі де мүмкін. Писхолог ғалымдардың айтуынша, мұндай синдромы бар адамның дәрігерге барып қаралуы міндетті емес. Өзін-өзі қуаныш пен шаттыққа шақыруы «донордың» негізгі емі болмақ.
Көңіл-күйіңізге ие болыңыз. Белгілі бір жағдайға қатты беріліп уайымдаушы болмаңыз. Бәріне де салмақты болыңыз. Ойланыңыз... Сіз қай досыңызбен бірге жүргеніңізде шаршайсыз? Ол адаммен бірге уақытыңыздың басым бөлігін өткізбеуге тырысыңыз. Сізге елден ерекше құрмет тұтатын, назарынан тыс қалдырмайтын адаммен ашық сөйлесуге тырысыңыз.Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: fewtime.com