Үнемі қарбалас жүретін досымның әйелі салданып жатып қалған. Кейін досым мүлде басқа адамға өзгерді. Өзі тамақ жасап, жұбайының жанында болып, оған қарайласты. Бірге сейілдеп, бой жазып, қызыққа толы күндерін еске алып, сырласты…
Бірақ, ауру меңдеткен әйелі көп ұзамай жарық дүниемен қоштасқан.
Ал досым үнемі “Бас алмай қарбалас жұмысты ғана ойлап, әйеліммен өмірімнің ең бақытты шақтарын бірге өткізе алмағаныма өкінемін. Енді қанша өкінгенмен де, өткен күндерім қайта келмес” деп көз жасына ерік беретін.
Шипагердің ұлы ғимараттан секіріп, өзін мерт қылып, артына бір парша өсиет хатын қалдырыпты. Ол хатында әкесінің өзіне серік болуын, өзімен бірге кино көруін қатты аңсайтынын, әке мейіріміне бөленуін, шат-шадыман тұрмыс кешіруді аңсайтынын ғана жазыпты…
Баласы дүниеден өткеннен кейін ғана әкесі адам өміріндегі ең қадірлі нәрсенің табыс емес, қайта сүйіспеншілік екенін жете түсінген.
Кейбір нәрселердің ақшаға сатып алуға келмейтінін біле тұра, біз көп қателік өткіземіз. Оның жалғыз-ақ себебі – “ертең де күн бар емес пе”. Міне, бұл сөз ең үлкен қателік.
Ертеңге ешқашан арқа сүйеуге болмайды екен. Көптеген адамдардың өмірінде тек “сарыла күту” мен “өзекті өртеген өкініш” қана болады. Бұл екеуінің де ең басты себепкері – “үлгере алмау”.
Біз үнемі “Есейген соң көрейік”, “Ақша тапқанда көре жатармыз”, “Кезі келгенде көрерміз”… дейміз. Бірақ дәл сол кезде барлығы да баяғыдай болмайтынын сезініп, өкініп жатамыз.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: thecoralgablesstory.com