Аты әлемге әйгілі Коко Шанель бірде былай деген екен: "Әйелдер өздері үшін киінеді, бірақ әлемде бірде-бір еркек қалмаса, онда олар киінуді де қояды". Бір оқығанда күлкілі болып көрінетін бұл сөздердің астарында шындық бар. Қанша жерден өзіміз үшін ғана сәнді киімдер киіп, боянамыз десек те, ер-азаматтарымыздың көңілінен шығуға тырысатынымыз рас. Өздеріңізге сүйкімді де сүйікті болып жүрген әйел адамдардың басты қағидаларын ұсынамыз:
1. Асыл жар әрдайым ақкөңіл, сабырлы болады.
2. Асыл жардың көңіл-күйі үнемі көтеріңкі болады.
3. Асыл жар салауатты өмір салтын сақтайды. Ауырып, төсек тартып жатып қалу дегенге жол бермейді.
4. Асыл жардың өмірдегі бар байлығы – отбасы. Оның сүйіктісінің үнемі қарны тоқ, киімі таза болып, уақытылы ұйқыға жатады.
5. Асыл жардың дауысы нәзік болады. Сөз арасында жанға жылу сыйлайтын сөздердің де болғаны жақсы. (Асыра сілтеп жібермеңіздер, қарны ашпаған болса, қинаудың қажеті жоқ).
6. Асыл жар сүйіктісінің айтқандарын бұлжытпай әрі тез орындайды. (Қалауы дауыстап айтылмаса да).
7. Асыл жардың үйіндегі тағамдар әртүрлі әрі дәмді болады.
8. Асыл жардың үйінде әрдайым тыныштық болады. Балалар – бір-бірімен тату, шаң-тозаң – тек шаңсорғыштың ішінде.
9. Асыл жар сүйіктісі ренжіткен болса, кек сақтамайды. Оны жұмыстағы келеңсіз оқиғалар шаршатқан болуы мүмкін.
10. Асыл жар ішімдік ішпейді. Әсіресе, ерінің көзінше.
11. Асыл жар күйеуінің бостандығына шек келтірмейді. Достарымен жүргенде, қайта-қайта хабарласып, мазасын алмайды.
12. Асыл жар орнымен еркелей біледі.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет:ВК желісінен