Адам өмірде жайдан-жай ештеңе істемейді. Әр әрекетінің себебі мен салдары болады. Біз тек оның тереңіне үңіле бермейміз. Әр күні шығарған шешіміміз, таңдаған нәрсеміз әлемді қабылдауымызға тікелей байланысты. Мына суретте берілген төрт әрекеттің қайсысын бірінші жасайтыныңызды ойланып көріңіз. Бұл таңдауыңыз да сіз туралы біраз нәрсе айтады.
Егер бірден шайнек тұрған пешті өшіруге жүгірсеңіз, абыржулы күйде жүргеніңізді білдіреді. Сіз барлық әрекетін екі қайтара тексеріп жүретіндер қатарынансыз. Сізге аса мұқият және пысық болу қасиеті тән. Жан-жағыңызды барлай білесіз, сондықтан түрлі жағдайдан тез жол табасыз. Бір жерге кешігіп бара жатсаңыз, мазаңыз қашып, тынышыңыз кетеді.
Ал телефон тұтқасын алуға асықсаңыз, сабырлы адам екеніңізді білдіреді. Қарбылыс тірліктен қашық жүруге тырысасыз. Өмір өз ағысымен жүруін және жиі-жиі демалып тұруды тілейсіз. Үй тірлігі жасалмай жатса да, он минут болсын төсекте жата тұруды жақсы көресіз. Жүрегіңізге жақын жанмен ашық-жарқын араласа бересіз. Алайда анау-мынау адамды жаныңызға жуыта қоймайсыз. Көп адамның ортасы сізге аса ұнамайды.
Бірден балаға ұмтылсаңыз, сіздің жауапкершілігіңіз зор. Өмірді ойын секілді қабылдайсыз. Өзгелерден ерекшелігіңіз тез әрі дұрыс шешім қабылдай білесіз, оның үстіне барлығына өз күшіңізбен жетесіз. Жақындарыңыз сіздің жаныңызда өзін өте жайлы сезінеді. Сізді танитындардың бәрі қиындықта жалғыз тастамайтыныңызды жақсы біледі.
Ең алдымен иттің сазайын беру керек деп шешсеңіз, онда сіз қызба адамсыз. Жүйкеңіз тым жұқа. Айналаңыз үнемі сізді ашуландырғысы кеп тұратындай сезінесіз. Тәртіпке дағдыланғансыз, барлығы ретімен тұрғанын тілейсіз. Тыныштықты сүйесіз және оны қадірлейсіз. Сыртқы тыныштық қана сізді ішкі гармонияға жетелейді. Бір жақсысы сіздің мінезіңізді жақындарыңыз жақсы біледі. Басқалар да бақытты болуы үшін сіз тыныш болсын дейді.