Ел не демейді...

Өзгелердің пікірімен санаса білу - көпшілікке керек қасиет. Бірақ тепе-теңдік мәселесін де ұмытпағанымыз жөн. Сол тепе-теңдіктің арқасында ғана барша сезімдерімізді ретке келтіріп отырамыз. Ал өзгелердің өзіміз туралы не ойлайтындығын ескеру арқылы бойымыздағы сенімділігімізді жоғалтамыз. Мұнымен қатар, кері әсерін де тигізеді.

1. Өзгелердің ойынан шығамын деп өзіңізге ғана тән ерекшеліктеріңізді ескермеуіңіз мүмкін. Жеке пікір дегенді мүлдем ұмытасыз.

2. Кикілжің туған жағдайда мен туралы не ойлайды деп, шешім қабылдаудан бас тартуыңыз ғажап емес. Бұл қабылдаған шешімдеріңіз үшін өкінуге алып келеді.

3. Көпшіліктің алдында тұрып сөз сөйлеу үрей тудыра бастайды. Өзіңіздің не айтатындығыңызды емес, өзгелердің сіз жайында дәл қазір не ойлап жатқандығын анықтауға кірісесіз. Ал көңілге жайлылық сыйлауы тиіс көпшіліктің назары керісінше алаңдата бастайды.


4. Өзіңіздің армандарыңыз бен сезімдеріңізді шетке ысырып қойып, өзгелердікін алдыңғы қатарға шығарасыз. Осының әсерінен күйзеліске түсіп, барлығына өзіңізді ғана айыптайсыз.

Бұндай жаман әдеттен қалай арылуға болады? Ол үшін келесілерді жасап көріңіз:

1. Ең алдымен өзіңізге «Өзгелердің пікірімен не себепті өмір сүремін?» деген сауал қойыңыз. Мүмкін өзіңізге сенімсіз болғандықтан ол қасиетті өзгелерден іздейтін шығарсыз.

2. Өзгелердің 100% сіз туралы не ойлайтындығын анықтау қиын, сіздің айтып жүргеніңіз тек болжам ғана. Бұндай сауалдармен өзіңізді мазалап, бас қатырудың қажеті жоқ.


3. Бойыңыздағы сенімділікті арттырыңыз. Соның көмегімен ғана өзгелердің пікірімен өмір сүруді тоқтатып, тәуелсіз шешімде қабылдай бастайсыз.

4. Қажет болғанда «жоқ» деп айтуды да үйреніңіз.

5. Өзіңізге ұнайтын заттардың тізімін жасап, алдыңызға мақсат қойыңыз. Өз өміріңізді өзгелердің жоспарлауына мүмкіндік бермеңіз.

6. Егер әдеттегідей өзгелер мен жайында не ойлайды деген сауалды ойлана бастасаңыз, дереу тоқтап мақсатыңызды есіңізге түсіріңіз. (Қоршаған ортаңызда өзіңіздің ойыңызды білдіру арқылы құрметке ие боласыз).

Өзгелердің сіз жайында не ойлайтындығына алаңдаудың ешқандай да қажеті жоқ. Ол уақытыңызды алады әрі көпшіліктің ортасында дәрежеңізді түсіреді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: znay-kak.ru