Екінші жартыңызды дәл тапқаныңызды білдіретін белгілер

Екінші жартыңызды дәл тапқаныңызды білдіретін белгілер
Фото: elements.envato.com

Кейде қарым-қатынаста жүріп-ақ адамдар болашаққа күмәнмен қарайды. Махаббат екі адамның өз-өзімен жұмыс істеуі арқылы құрылады. Кейде тек сезім жеткіліксіз. Бүгін екінші жартыңызды тапқаныңызды білдіретін белгілер топтамасын ұсынамыз.

Ортақ шешімге келе алу
Кез келген сәтті қарым-қатынастың кілті — сөйлесе отырып, ортақ шешімге келу, дейді психотерапевт Кейт Мойл Independent басылымына берген сұхбатында. "Қарым-қатынас  —  әрқашан жеке қажеттіліктер арасындағы күрес. Бәрі бірден бір-біріне сәйкес келеді деп күтуге болмайды", - дейді сарапшы.

Екі түрлі адам, екі түрлі тәрбие тоғысатын болғандықтан көзқарас та алуан болады. Егер сүйікті адаммен ойыңыз бір жерден шықпаса, әрқашан ортақ шешім табуға мүмкіндік барын ұмытпау керек. 

Жақсы сезінуге көмектеседі
Дұрыс таңдалған серік адамның өзіне деген сенімділігін арттырады. Ол өз жұбының бақытты болуын және өзіне деген күмәннің болмауы үшін бәрін жасайды.

Егер серігіңіз сізді сынай отырып, кемсітсе, сіздің жұмысыңызға күмән келтіріп, қолдау орнына қолыңыздан келмейді деп артқа тарса, онда онымен қоштасқаныңыз абзал. Бұл екеуіңіздің қарым-қатынаста тек уытты сәттер көп болатынын көрсетеді. 

Тыңдай алады
Егер адам сіздің айтқаныңыздың бәрін мұқият тыңдай алса, демек онымен қарым-қатынас құруға болады.  Сөздің жүрекке жетуі ең алдымен тыңдаудан басталады. Тыңдай білмейтін адам сөзді дұрыс түсінбей, жылдам шешім шығаруға бейім болады.

Құндылықтарыңыз ұқсайды
Құндылықтардың ұқсауы да қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады. Біреумен ұзақ жылдар бірге өмір сүру үшін өмірлік мақсаттарды да талқылауды ұмытпаған жөн. Махаббат — командалық жұмыс. Екі жақты шешім жолды да екіге айырылу керек екенін көрсетеді.       

Өкпе-назын еркін айта алу
Қарым-қатынасты даусыз елестету мүмкін емес. Бірақ әр диалог жандалмен аяқталса, онда бұл қарым-қатынастың маңызына тағы бір тоқталып, ойнау керек. Егер сіздің адамыңыз болса, даулы мәселенің өзін дұрыс жолмен шешуге болады. Қол көтеру немесе "ажырасамын" деп қорқыту қарым-қатынастың "жарамдылық мерзімі" өткенін көрсетеді. 

Т. Есқали