Бақытты өмірдің берік негізін қалай қалауға болады? Қарым-қатынастың кез келген кезеңінде өзіне ғана тән романтикалық рәсімдер пайдалы болып отыруы керек. Психотерапевтер де бұл пікірді растайды. Өйткені отбасылық өмір расымен де қос ғашықтың өздеріне ғана байланысты.
Психоаналитик Мартина Тейджак: "Махаббаттың күшейе түсуіне романдарда сипатталатын ғажайыптың ешқандай қатысы жоқ, ол күнделікті жұмыс іспетті. Тек еңбекпен келеді. Бұл жолда екеудің де қол қусырып қарап отырмағаны маңызды", - дейді. «Отбасылық өмір үнемі сезімталдық пен шабытты талап етеді».
Оның айтуынша, өмірі қызықсыз отбасы мен әңгімесі таусылмаған жұптың айырмашылығы – екіншілерінің бірінші ерлі-зайыпты секілді күнделікті өмірді автоматты түрде жасауға мәжбүр әрекеттермен ғана шектемей, ерікті және саналы түрде бір-біріне көңіл бөле білуінде. Екеу ойлап тапқан ритуалдар «эмоционалды барометр» ретінде әрекет етеді, бұл сезімді сақтауға көмектеседі.
Сіздер махаббатты өз ережелері, құпиялары мен тосын сыйлары бар қызықты ойынға айналдыру арқылы өміріңізді сәнді әрі мәнді ете аласыздар. Міне, психотерапевт ұсынатын бірнеше идея:
1. Романтикалық кездесу
Отбасы психологтарының пікірінше, қарым-қатынаста күнделікті уайым неғұрлым көп болса, жақындыққа соншалықты аз орын қалады. Психоаналитик Энн-Мари Бенуит: "Әрине, кешке біз басымызды түрлі ойлардан босатқымыз келеді және ештеңе ойламауға тырысамыз", - дейді. Осындай күнделікті күйбеңнен тынығу сәтін бір-біріңізге толықтай уақыт бөлуге арнауды ережеге айналдырыңыз. Ойын ойнаңыз, оқыған кітаптарыңыздан алған әсеріңізбен бөлісіңіз, әңгіме айтыңыз. Бастысы, бұл бөтен адамдарсыз екі адамға арналған әрекет болсын. Мақсат - толықтай екеуіңіздің ғана қолдарыңызда болатын кеңістік құру.
2. Хат жазу
Почта арқылы жіберілген (ескі үлгіде, мөрленген қағаз конвертінде) немесе жасырын түрде пальто қалтасына салынған әдемі ашықхат... Сіз өз тілектеріңізді білдіре алатын кез келген формада білдірсеңіз болады. Ең бастысы, сөздердің жүректен шығуы.
Бұл шағын хабарламалар махаббатқа деген ұмтылыс пен сезімнің әлі де тірі екенін және көрсетуге болатынын дәлелдейді. Олар бізге ғашық болу сезімін қайта кешуге немесе алғашқы кездесулерді еске алуға көмектеседі.
Анн-Мари Бенуа: "Махаббат хаты жазған адам үшін де, оны алған үшін де сезімді бағалау үшін жақсы" дейді.
3. Ортақ іс
Бірге гитарада ойнауды үйрену немесе жаңа тілді игеруге қалай қарайсыз? Немесе сіз бірге йогамен айналысқанды ұнатасыз ба? Жаңа нәрсені үйрену қарым-қатынасқа өмір береді. Сарапшылар өз білімін жетілдіруге немесе жаңасын алуға мүмкіндік беретін осындай әрекеттерге мән беруді сұрайды. Бұл қарым-қатынаста байланыстарды нығайтады.
4. Күнде көңіл бөлу
Күнделікті өмір – бұл біздің қалауымызша өзгерте алатын жалғыз шындық әрі жалғыз мүмкіндік. Біздің оған немқұрайлы қарауға құқығымыз жоқ. Себебі күнделікті өмірдегі ең жаман нәрсе де осы немқұрайлылық. Көп жағдайда қарым-қатынас жанжалдан емес, көңіл бөлмеу көріністерінен өледі. Мерекелерде ғана сыйлық беру жеткіліксіз, күнделікті кішкентай қадамдар маңызды. Оянған кезде бір-біріңізбен амандасыңыз, қоштасқанда және кездескенде бір-біріңізді сүйіңіз, кішігірім қызмет көрсетіңіз, комплименттер айтыңыз, сыйлықтар жасаңыз және тосын сыйлар жасаңыз.
5. Бір-бірін үнемі зерттеп отыру
Айына бір немесе екі рет ашық сөйлесуге уақыт бөліңіз. Қарапайым және ашық, бастапқы, яғни, сіз бір-біріңізге әлі ашылмаған бейтаныс болған кездегідей.
Мартина Тейлак: "Сіздің серігіңізді жатқа білемін деп ойыңыз махаббатты өлтіретін күшке ие. Шындығында сіздің жұбыңызды бес саусақтай білемін деуіңіз нағыз иллюзия. Оны жаңа қырынан тану жолында қадам жасаңыз," - деп ескертеді.
Сізді отбасылық өмірде не қызықтырады, не қызықтырмайды, не ренжітеді, не қуантады бәрін бірге талқылаңыз. Бір-біріңіздің сөзіңізді бөлмей тыңдаңыз. Өз пікіріңізді білдіруді сәл кейінге қалдырыңыз. Сіздің серіктесіңіз сөйлегенде, оны тыңдаңыз, оны естуге тырысыңыз. Оның көзқарасы, қимылдары, дауысы, сөздері сізге бар мәселені жеткізеді.
Бақытты болу үшін екеудің қарым-қатынасы олардың әрқайсысы үшін де құнды әрі бағалы болуы керек. Жоғарыда айтылған кеңестерді ері де, әйелі де ұстанған жағдайда ғана отбасылық өмірлеріңіз құлпыра түседі. Сіздің өміріңіз сіздің байлығыңыз, оны жұмақ бағындай құлпырту жолында қол ұстасып қызмет еткендер ғана рахат өмірге қол жеткізе алады.