Екі түрлі махаббат

Нағыз махаббат

Осы бір ет жүректі елжіретерлік сүйіспеншілік әлемге әйгілі техника алыбына тән.

Стив Джобс некелесіп, әйелімен 22 жыл бірге болды. Бірақ өмірінің соңында ол сүйікті жарына деген ұлы махаббатын әйгілеп кетті.

Күллі адамзаттың құрметіне бөленген ғалым, өзінің қысқа ғана ғұмырын жасампаздыққа арнаған мұндай адаммен бірге ғұмыр кешу өзін құрбан еткенмен бірдей екендігі айдан анық. Ол қарбаластықтан туған күн, неке күні дегендерді құлан-таза ұмытып қала беретін. 

Әйелінің алдында борыштар екенін сезінген Джобс өмірінің ең соңында ғана бодау беру бекімін жасаған адам.

Өзінің өзімшілдігі мен қатігездігіне қайта үңілген ол: «Лорин бәріне де төзді. Мен ауырып жатқанда да ол бір сәт болсын өзінің жауапкершілігін естен шығарған жоқ. Менімен бірге өмір өткізген адам қалай ғана рахаттанудан ауыз ашсын?!» депті. Сонымен ол өмірінің соңында сүйген жарына арнап бір саяхат кемесін жасатуға бекиді. Әйгілі кеме жасау компаниясына тапсырыс береді. Бірақ ол кеме жобасын сан қайтара өз қолымен өзгертіпті.

- Мен өзімнің өліп қалуым әбден мүмкін екенін білемін. Лоринге жасалып болмаған бір саяхат кемесі ғана қалатын шығар. Бірақ оны жалғастырып жасата беруім керек. Өйтпегенде дәм-тұзымның таусылғанынан мойынсал болған боламын», - депті.

2009 жылы тұрмыс құрғандарына 20 жыл толғандығын тойлау қарсаңында ол әйеліне:

- 20 жылдың алдында алғаш танысқанымызда мүлдем бейтаныс едік. Бірақ көрген жерден бір-бірімізге ғашық болып, құлай сүйістік. Сондағы сетінемес сертімізге Ауанидің әппақ қары куә. Уақыттың өтуімен балаларымыз да ержетті. Бұл барыста ләззатты да қиындыққа толы күндер өтті. Әйтеуір бір қуанарымыз, өкініш болған жоқ. Жасымыздың ұлғаюына байланысты іңкәрлығымыз да жаңаланып отырды. Өмірді өзіңмен қолтықтаса жүріп өткізіп келемін. Біз қартайдық, кемелімізге де келдік. Ажарымызды әжім басты. Көкейімізде көп істер сайрап жатыр, - дейді.

Осы араға келгенде ол өзінің көз жасына ие бола алмапты. Онан соң балаларына сурет толған бір-бір альбом беріп: «Менің де жастық шағым болғандығын бұлар да білгісі келетін шығар» дейді.

Екі жылдан кейін осы бір данышпан 55 жасында бүкіл әлемді күрсіндіріп, өмірден өтті.

 

Махаббатта көз жоқ

Қытайдың әйгілі әйел жазушысы Жаң Айлиң: «Сені сүйдім! Басқаның бәрін кінәласам да, сені кінәламаймын» деп айтқан екен.

Оның махаббаты қасіретке толы, сырлы махаббат болды.

Өйткені ол қосағымен қоса ағарайын дейтіндей де емес және өзара білісіп, түсінісіп жатудың да жөні жоқ біреуді сүйді.

Жұпыны жұтаңдық дарынды әйелді заты Жаң Айлиңнің өміріндегі негізгі сарын болды. Ми жүгірту, пікір білдіру – оның бірер іс пен адамдар жөніндегі тұжырым жасауындағы негізгі өлшемі еді.

Орта жастағы Ху Ланчың зерек, көпті көрген, кесімді де жылпос еркек еді. Ол әйел затын түсіне алатындықтан және көлгірси сөйлейтіндіктен, бірден баурап алатын еді. Әйел затының алдында құрша жорғалайтын, өліп-өшетін. Бірақ ол Жаң Айлиңнің жазған шығармаларын шын көңілімен құштарлана оқитын еді.

Сонымен оның келіншегі бар екеніне Жаң Айлиң іш жимады. Онымен қоймай, оның тағы көптеген көңілдес қыз-келіншектері бар еді. Суық жүріске көп баратын. Жаң Аилиң бұларға қызғаныш білдірмеді. Бірде Ху Ланчың: «Дүниедегі бар әйел заты мені құлай сүйіп, қасымда болса да, Жаң Аилиң бұған пейіл» деді.

Ху Ланчың жазушының талантына ғана тәнті болды. Сиықсыздығын елеп-ескермеді. Бастары қосылса болды, Ху Ланчың әккілікке басатын. Ал Жаң Аилиң оған барын арнады.

Жаң Аилиң қаламгерлігімен бүкіл елді өзіне тәнті етті. Бірақ шынайы өмірде ол өзінің сүйіспеншілігін мүлде елеп-ескермейтін бір еркекпен некелесті. Бұл тағдырдың оған сыйлаған тәлкегі еді.

Сонымен ол: «Жүгірген алмайды. Бұйырған алады. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір маңдайыңа жазылған адаммен ғана қосыласың. Тәлейіңе жазған адам тап алдыңнан кезіге қалады екен. Жалтаруыңа мүлде болмайды. Ойбой, сен де осында ма едің деп ақырын ғана сұраудан өзге жоқ» деп жазған еді.

Ол тағы: «Тесік түйме жерде қалмайтынын, мейлі қай уақытта, қай орында болсын әйтеуір біреудің алдыңнан кез болатынын білу керек» деп жазды.

Міне, бұл оның махаббат жөніндегі анықтамасы еді. Ал өзі жар таңдауда оңбай қателесті.

Махаббат жөнінен алғанда әйел заты ерлерге қарағанда шынайы, адал, тұрақты болады. Сондықтан олар өздерінің көңілдеріне қаяу түсіріп алудан сақтану үшін, қашан да өздерін сүйген адамды таңдайды. Ал Жаң Аилиң мұның керісінше, өзін сүйгенді емес, өзі сүйген адамды таңдаған бірбеткей жазушы.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: vk.com