Егіздер қандай болады?

Егіздердің жұлдызы - 22 мамыр мен 21 маусым аралығында. Олардың мінезі, өмірге деген көзқарасы, өзіне тән қасиеттері туралы не айта аламыз?

Егіздердің мінезі дегенде көз алдыңа жанартау келеді. Олар – арманшыл, өз идеяларына жан бітіруге жүрексінбейтін және кез келген проблеманың шешімін таба білетін адамдар. Өз арманын орындау үшін көмекшіні табуға да, аяз атаға хат жазуға да дайын тұлғалар. Өзгеше ойлауды, креативті қолдайтындардың бірі және біріншісі – егіздер.

Олар көп нәрсені кешіреді, себебі олар тартымды әрі бауырмал. Көп сөйлейді, бірақ әңгімелері шынайы әрі тіке бетке айтады. Олар үнемі жұртпен дауласып, белгілі бір мәселенің шешімін табуға ынталанады. Көңіліне бір нәрсені жақпады ма? Бірден соны шешіп, өз қамалын берік қорғайды. «Неге маған олай айттың? Қандай негізге сүйеніп отырсың? Маған олай қарама! Саған не керек?» бұл егіздердің жиі айтатын сөздері. Тіпті кейде тек ақиқатқа көз жеткізу үшін емес іші пысқаннан мұндай әрекетке баруы мүмкін.

Адам қиялындағы нәрселер егіздер үшін қолдан келетін дүние саналады. Олар әуеге ұшып, теңіздің түбіне жүзіп, ең қауіпті бұрылыстарға бар күшімен ұмтылуға әуес. Кітап оқуды соңғы беттен бастап, үйіндегі жиһаздың орнын маусым сайын ауыстырып тұрады. Олардың көңіл-күйі секунд сайын өзгеріп тұратыны тағы бар. Ең қиын деген мәселеден сытылып шыға алады.

Бір тұлғаны «идеал» етіп алып, соған жеткенде жаңа «идеалды» тауып, соған ұмтылады. Демек егіздер үнемі өзгеру, даму үстінде.

Жұмыс

Бір қалыпты жұмыс егіздердің шығармашылығын «өшіреді». Ол эмоционалды деңгейде күшінен айырылып, күйзеліске түсіп кетуі мүмкін. Егіздердің періштелері бар. Табыс пен сәттілік үнемі артында қанат болып жебеп жүреді. Кез келген бастаманы қолға алып, кәсіби тұрғыда үздік атанулары заңдылық. Өзіне қызықсыз жұмысты ауыстырудан қорықпайды. Себебі олар позитив пен «бәрі жақсы болады» деген сенімде. Шаршамауы мен шексіз энергиясы көптеген адамның санасына қонымсыз.

Махаббат

Ер егіздер үнемі өзіне ақылды жар іздеуге тырысады. Ол үшін өзінің жеке аймағы болуы және сүйіктісі оның пікірін қолдауы керек. Кейде олар бір емес бірнеше рет үйленеді. Себебі үнемі даму үстінде болғандықтан өзінің жары да өзінің «жаңа тұлғасына» лайық болуы керек. Табиғаты бойынша қызғаншақ емес, себебі өзіне сенімді болады. Ол өзіне ақылды, сұлу, сенімді жар таңдайды.

Жалғасы