- Негізгі бет
- Психология
- Егер ол шын...
Егер ол шын сүйсе...
Риясыз сезімді қалай өлшеуге болады? Жанарынан, сөзінен, қылығынан, іс-әрекетінен... Төменде көрсетілген критерийлерге қарап, ғашығыңыздың сізді қалай сүйетінін біле аласыз ба?
Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, сізге ренжи алмайды, ренжіген күннің өзінде тез ұмытып кетеді.
Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, ол сізге тек өзі ғана атайтын, еркелететін ат қойып алады.
Егер ол сізді шын сүйетін болса, ол сізді кішкентай балаша еркелетіп отырғысы келеді, алайда ол өзінің неге осылай істейтіндігінің себебін айтып бере алмайды.
Егер бір жан сізді шынайы сүйетін болса, ол сізді шаттыққа бөлей де алады, көз жасыңызды көлдете де алады.
Егер бір жігіт сізді шын сүйетін болса, ол сізді ең жақсы адам деп біледі, ол ешқашан сізді басқалармен салыстырмайды, әрі сізді "идеал" болса екен деп те ойламайды.
Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, сіз оның қасында болмаған күндері дамылсыз телефон шалып, денсаулығыңызға көңіл бөліп, уақытында тамақтануды ескертіп отырады, өйткені сіздің өміріңіз – ол үшін маңызды.
Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, сіз қиындыққа ұшырасаңыз, сізден бетер қиналады.
Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, ол өмір бойы сізбен бірге болуды ойлайды, ол сізді өміріндегі ең маңызды адам деп ойлайды.
Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, ол үнемі сізді бауырына басып, өзінің жүрек дүрсілін тыңдатады.
Егер бір жан сізді шынайы сүйетін болса, сіз үшін құрбан болудан тайынбайды.
Егер осылардың барлығын емес, екі-үшеуін орындай алмайтын жан сіздің жаныңызда жүрсе, сізді шынайы сүйе қоюы екіталай...
Г. Берік