Қыз бен жігіттің қарым-қатынасында түрлі жағдай орын алып жатады. Егер қыздың тарапынан қателік кетсе, жігіттің ашуға бой беруі түсінікті жайт. Өздері кінәлі кезде әйел адамға ер адамның ашуын басу үшін мына сөздерді ғана айтуын ұсынамыз:
«Жарайды. Сенің айтқаның болсын!» Жүйкеңіз де тыныш, уақыт та үнемдейсіз. Есесіне ара-қатынастарыңыз да баяғыдай. Проблемаңызды жігітіңіз ашуын басқан соң жаймен отырып шешуге болады. Тек ол ашулы кезде тіліңізді тістеп қана тұрыңыз.
«Мен кінәлімін. Мойындаймын...» Егер шынымен кінәлі болсаңыз, мойындаңыз. Өз кінәсін өзі мойындайтын адамдар сенімді, адал болады. Сіздің кінәңізді мойындағаныңызға ол екі есе қуанады. Әрине, тек іштей немесе аз уақыт өткен соң ғана қуануы мүмкін. Қуануға бірінші себеп – өзіңізден кеткен ағаттықты түсінуіңіз, екіншісі – адалдығыңыз...
«Сен мені дұрыс түсінген жоқсың...» Ер адам ашулы кезде оған барлық нәрсені түсіндіре алмайсың. Мұндай кезде ол түсіндіруді талап етсе де, ашуға бой алдырып тұрады. Тек өзінің ішкі сезімдерімен ғана әуре болып, сізді тыңдағысы да келмейді. Оны тыңдату үшін алдымен ашуын басу керек. Ал ашуын басу үшін мейлінше үндемей тұру керек.
«Ашуланбашы! Дұрыстап отырып сөйлесейік!» Ашу – дұшпан. Оған ерік берсеңіз, көп жағдайда қарым-қатынастың быт-шыты шығады. Сондықтан қолыңыздан келгенше оның ашуын басатындай жағдай жасаңыз. Ашуы басылған соң сөйлесудің пайдасы көбірек.
«Саған ұнамаса, енді олай жасамаймын...» Егер ол болған жағдайға дұрыс көзқарас танытпай жатса, демек оның мұны құп көрмегені, ұнатпағаны. Оған ұнамайтын істі жасар болсаңыз, қарым-қатынасыңыз әлі де қиындай түсуі бек мүмкін. Егер қолыңыздан осындай шуды тағы қайталамау келетін болса, оған енді қайталамайтыныңызды айтыңыз. Айтқанда да, көп сөздің қажеті жоқ. «Саған ұнамаса, енді олай жасамаймын!» деңіз. Болды, бәрі түсінікті...
Сурет: Жанель Абдуллина