Психологияның өте қысқа сабағын ұсынамыз.
Егер адам болмашы нәрсеге күле беретін болса, онда жүрек түкпірінде жазылмас жараның жатқаны. Егер адам жұмысының көптігіне қарамастан, жағдайыңды сұрай берсе, сені расымен сүйетін болғаны... Егер адам көп ұйықтаса, ол жалғыздық шырмауында. Егер адам тез әрі көп сөйлесе, бір құпияны сақтап жүргені. Егер адам жылай білмесе, әлсіз адам болғаны. Егер адам шамадан тыс көп тамақ жесе, онда оның күрмеуі қиын мәселесі бар. Егер адамның болмашы нәрсеге көзі мөлдіреп, жылауға дайын тұрса, жүрегі жұмсақ болғаны.Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: sobiratelzvezd.ru