Бүгін, күн – дүйсенбі... Сондықтан да біз сіздерге аптаның дүйсенбі күні туралы қызықты мәліметтер ұсынбақпыз:
Көбіне адамдар дүйсенбі күні сағат 11.16-ға дейін езу тартып күлмейді екен.
Аптаның дүйсенбісіне деген жеккөрушілікті теледидар көру, он-лайн шоппингпен айналысу немесе шоколад пен косметика сатып алу және демалысқа шығуды жоспарлау секілді ермектермен жеңуге болады.
Жұмыскерлердің 50%-ы дүйсенбі күні жұмысқа кешігіп жетеді екен.
Дүйсенбінің синдромына көбіне 45 жастан 54 жасқа дейінгі аралықтағы жұмыскерлер шалдығады екен.
Дүйсенбіде жұмыскер тұлғаның жұмыс өнімділігі тек 3,5 сағатқа ғана созылады екен.
Дүйсенбіде инфаркт ауруының құрбандары 20%-ға өседі.
Дүйсенбі – көбіне аптаның жаңбырлы күні саналады.
Позитивті түрде айтатын болсақ, дүйсенбі – автокөлік сатып алудың сәтті күні саналалды. Дәл осы күні көптеген сауда орындары үшін демалыс күні саналғандықтан, сатушылар да, сатып алушылар да аз болады. Олардың аз болғанын пайдаға асырып, кейбір тауар түрлерінің құнын арзандатып сатып алуға мүмкіндік болады.
Дүйсенбі күні адамға мұңайып алуға бар болғаны 12 минут та жетеді.
Ал сіздің дүйсенбіңіз қалай өтуде?
Дайындаған. Ақерке Әбілхан
Суреттер: greenmama.ru, obozrevatel.com, olua.ru, vk.com, oko-planet.su, rb.ru, donbass.ua, stihi.ru,home-money.livejournal.com, hairdo.com.ua