Дұшпанға қайтарылған ең жақсы қарымта

Психолог маман «Дұшпаныңды кешір» деген тақырыпта алқалы жиынға ұзақ сөз сөйледі. Лекция аяқтағаннан кейін залдағы халықтан «Кәне, қанша адам өз дұшпанын кешіре алады?» деп сұрады. Қауымның тең жартысы ғана қолдарын көтерді. Психолог маман бұған разы болмай тағы жарты сағат көлемінде түсінік жасады. Отырғандардың 80%-ы қолдады. Ол бұған да мойынсал болмай сөзін 15 минутқа тағы жалғады. Ең соңында жиналған адамдардың бәрі оның сөзін дұрыс деп есептеп қолдарын көтерісті. Өйткені, оның сөзінен әбден шаршап, қарындары ашып кеткен еді. Бірақ, адамдардың соңын ала отырған бір әжей ғана қолын көтерген жоқ. Психолог таңдана:

- Сіз әлі де дұшпаныңызды кешірмейсіз бе? – деп сұрады.

- Өйткені менде дұшпан жоқ, - деді әжей сабырлы бейнеде.

Селт еткен маман:

- Бұл қалыпсыздық қой, биыл қанша жасқа келдіңіз?

- 93 жасқа.

Таң қалды.

- Онда көпшілікке осынша жасқа келгенше қалайша бірде-бір дұшпаныңыздың болмағанын айтып бересіз бе? – деді психолог.

Әжей:

- Бұл өте қарапайым. Мен үнемі өзіме дұшпаныңнан артық жаса, олардан жақсы өмір сүр деп ескертіп отырамын. – деді күлімсіреп.

Өмірде адамдар дұшпан кегін жүрегіне сақтап қалады. Кешіргісі келмейді. Тіпті орайы болып жатса қарымтысын да алғысы келеді. Ойлаңыз, оның қажеті бар ма? Өшпендішік екі басты семсер сияқты. Басқаларды арандатумен бірге өзің де арандайсың. Бар зейініңді тайталасу мен айлаға жұмсайсың. Дұшпаныңнан да жақсы өмір сүруге, одан да бақытты болуға бел байлап, дұшпаныңнан көңілді өтсең – соның өзі дұшпаныңнан қайтарған ең жақсы қарымта болмақ.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: heart-tb.com