- Негізгі бет
- Психология
- Дұрыс ұрсыса аласыз...
Дұрыс ұрсыса аласыз ба?
Адам үнемі татулықта жүре ала ма? Тек өз өзімен ұрсыспай жүре алады. Сөзге келу үшін кем дегенде тағы бір адам керек. Сол адам әдетте, оның жақыны болады. Ол күйеуі, әйелі, анасы, әпкесі болуы мүмкін. Екінші адам пайда болғанда түсініспеушілік пен қатынасты анықтау – қалыпты жағдай. Әрине, біреу тіптен ұрсыспайтын адамды мысал ретінде келтіруі мүмкін. Бірақ, ол көп сөйлемейтін адам болуы әбден мүмкін. Олардың ішінде не болып жатқанын кім білсін?! Мұндай адамдар да бір күні біреу ол үшін маңызды нәрсеге байланысты шектен шықса, өздерін көрсетеді.
Жалпы, ұрсысқанның, дауласудың жақсы жағы жоқ, бірақ бұл процесс әркімнің өмірінде бар. Екі адамның ұрсысуы деп бір сұраққа екі түрлі көзқарастың болуын және әр жақ өзінікі дұрыс екендігін көрсеткісі келтіндігін айтамыз. Дауласып жатқан адамдардың айырмашылығы қаншалықты көп болса, олардың эмоционалдық реакциялары соншалықты күштірек болады. Сондықтан, егер дауласуды көзқарастардың әртүрлілігі деп қарастырсақ, олардың достасуы үшін екеуі де келісетін ортақ шешім табу керек. Алайда, ұрсысу мен дауласу тек көзқарастың әртүрлілігінен болмайды, сонымен қатар, біреуінің көңіл күйінің жоқтығынан, мінездерінің ерекшеліктерінен және т.б. жағдайлардан да болады.
Ендеше, «дұрыс ұрсысудың» кей шарттарын анықтайық:
1. Ұрсыспаудың әдісін табу – ең жақсы ортақ шешім. Егер ұрсыспауға мүмкіндік болса, соны пайдаланып, оның орнына ол уақытты тиімді қолдануға тырысыңыз.
2. Қалыпты көңіл күйде отырған кезіңізде, әдетте, не нәрсеге ренжитініңізді және келіспеушілік не үшін туындайдытын ойлаңыз.
3. Қатынасты анықтауға бөлек орын табыңыз. Оны ұйықтайтын немесе сізге жағымды жерде жасамаңыз. Оны психологияда «зәкір» деп атайды. Себебі, кейін жақсы көңіл күйде отырғанда, жағымсыз нәрселер еске түсіп кетуі мүмкін.
4. Қатынасты анықтау кезінде ұрсысуға жалғасатынын сезсеңіз, сыртқа шығып кетіңіздер немесе жалғыз қалатын орын болғанын ескеріңіз. Айқайыңызды балаларыңыз немесе басқа да отбасы мүшелері естімеген жөн.
5. Егер эмоцияңызды бақылауда ұстай алмайтындығыңызды сезсеңіз, бұл әңгімені бастаған сіз немесе ол болса да, бірнеше минутқа басқа бөлмеге шығып кетіңіз. Ашуыңыз аздап басылған соң ғана оралыңыз. Себебі ашу үстінде дұрыс шешімге келу мүмкін емес.
6. Егер жағымсыз әңгіменің бастаушысы серігіңіз (көңіл күйінің жоқтығынан, сізбен келіспегендіктен немесе мінезінің ерекшелігінен) болса, ашық айтыңыз. Мысалы, қазір бұл туралы сөйлесуге дайын емеспін, осы әңгімені екі сағаттан кейін талқылайық деңіз. Бұл уақыт аралығында оның ашуы басылып, дұрыс ойлана алады.
7. Тиімді сөйлесіңіз, түсінбеген нәрсеңізді анықтаңыз. Серігіңіз нені айтқысы келгенін өзіңіз ойдан шығармаңыз. Тікелей анығын айтыңыз, түсініксіз, екі мағыналы сөздермен сөйлемеңіз.
8. Махаббат – ұлы сезім. Адамдар қанша ұрсысса да, дауласса да, махаббат бар жерде оның бәрі жеңіл өтеді. Махаббаттың бары түсініспеушілік пен басқа да қиындықтардан босатпайды. Біз бәріміз мінсіз емеспіз, бірақ сыйластық пен махаббат бар жерде, оны түсініп көруге, оның ойын тыңдауға және ортақ дұрыс шешім қабылдауға ниет болады.
9. Егер дауласу кезінде үшінші адам бар болса, үшінші адам әрдайым артық, сондықтан мұндай кезде бірден кетіп қалыңыз.
А. Жапатова