Қарым-қатынас миллиондаған себептерге байланысты қиын болуы мүмкін. Бірақ тек кездесіп жүрген адамыңды шын ұнатқан кезде ғана қарым-қатынас жалғасын табу керек. Бәрі түсінікті және қарапайым сияқты. Алайда неге көптеген адамдар қарым-қатынасты басқа себептерге байланысты бастайды? Біздің 8 себебімізді оқып, қарым-қатынасыңның қаншалықты мінсіз екенін біл.
1. Жай ғана жігітің болғанын қалайсың
Қандай болса да, жігітің болса дейсің. Бұл, бәлкім, келешегі жоқ қарым-қатынасқа түсудің басты себебі болар. Қарым-қатынасқа зәру болған кезде міндетсіз, бос қарым-қатынасқа жеңіл көндігесің. Торықаннан сен кіммен болса да кездесуге дайынсың. Осы жолмен табылған жігіт сені бақытты етуі екіталай. Өмірдің мәні – біреумен қарым-қатынаста болу емес. Және егер біреумен жүру үшін ғана қарым-қатынас құрсаң, ойланғаның дұрыс. Жаныңда біреу бар, бірақ жаның тыныш емес болса, несі жақсы?
2. «Жоқ» деуге ыңғайсызданасың
Бұл жігіт сенің артыңнан бірнеше ай бойы жүгірді. Ол сені шынымен ұнататын сияқты және айналаңдағылардың бәрі екеуіңнен жақсы жұп шығатыны және оған бір мүмкіндік беру керектігің жайлы айтады. Бірақ... бірдеңе дұрыс емес... Сен оны ұнатпайсың. Алайда, көпшіліктің қысымымен, өзіңді кінәлі сезінгендіктен соңында берілесің. Шынымен жақсы жігіт қой... Ал біз саған жоқ дейміз! Жай ғана жақсы адам болғаны үшін және оған ұнағаның үшін біреумен қарым-қатынас құру – ақымақтық.
3. Біреуді қызғандырғың келеді
Бұл көбіне бұрынғы жігітіңе немесе жек көретін қас құрбыңа бірдеңе дәлелдеу үшін болады. Біреуді қызғандыру үшін біреумен жүру – өте жаман идея. Оданша өзіңді күтіп, біреуге бірдеңе дәлелдеуді қой.
4. Дос-жараңдарыңның арасында жалғыз жұпсыз қыз болып жүргің келмейді
Қажет емес қарым-қатынасты бастауға тағы бір ең көп таралған себеп. Барлық құрбыларыңның жігіті бар, ал сен әлі жеке өміріңді құра алмай келесің. Бұл да бірінші кездескен адаммен қарым-қатынас құрып, ұрынуға әкеп соғуы мүмкін. Әдетте махаббатты аңсаған жүрек екінші адамның адамгершілік қасиеттері жайлы ойлануға мұрша бермейді.
5. Қайғылы махаббатты ұмыту үшін біреумен кездесе бастайсың
Біреуді ұмыту үшін басқа біреумен қарым-қатынас құру керек деген қағида бар. Бірақ бұл әрдайым ұтымды болады деу қиын. Қоштасу – бұл ауыр және жағымсыз екені рас, бірақ қаншалықты ауыр болса да шыдап, лайықты қорытынды жасау қажет. Ал жаңа қарым-қатынасқа уақыт өте келе дайын боласың.
6. Қарым-қатынастан материалды жағдайыңды жақсартып алғың келеді
Жағымсыз естілгенімен, мұндай жағдайлар да жиі кездеседі. Ол сенің есептеріңді шығарып беруін, киноға шақырып, қымбат сыйлықтар сыйлағанын қалайсың. Егер одан бар қалайтының материалдық жағдайға әкеп тірелсе – пайдакүнем қыздардың әлеміне қош келдің! Біреуді пайдалану дұрыс еместігін тағы есіңе саламыз.
7. Ол сенің ата-анаңа ұнайтындықтан кездесіп жүрсің
Әрқашан өзіңе ұнайтын адаммен ғана қарым-қатынас құр! Ешкімнің ықпалына берілме! Бұл егер тіпті анаң болса да.
8. Ол оқу орнының жігіт сұлтаны болғаны үшін онымен жүресің
Оны көргенде оқушы қыздарының есі кетеді. Сенің жолың болды, елдің сүйіктісі, жігіт сұлтаны дәл сені таңдады. Бірақ шынымен жолың болды ма? Ол көптің сүйіктісі болғаны үшін ғана онымен кездесуің керек пе? Оны шынымен ұнатасың ба? Немесе жұрттың ықпалымен сүйсіне қарайсың ба? Мәселені ушықтырып алмас үшін осыны шешіп алғаның жөн.
Сурет: alloads.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина