Бала кезіңізде сыныптастарыңыздың арасында сауалнама (анкета) толтыру сәнде болған шығар. Бірнеше сұрақ пен қызықты суреттерге толы анкетаны толтыру барлық адам үшін қызықты болатын.Әлемде сауалнаманың бірнеше аналогы кездеседі. Бірақ, солардың ішінде ең танымалы француз жазушысы Марсель Прусттың құрастырған сұрақтары еді. Пруст өмірінде бірнеше сауалнаманы толтырғанымен, оның екі нұсқасы ғана сақталған: 1886 жылы жазушының 13-14 жасында толтырғаны, 1891-1892 жылдары толтырған сауалнамасы. Қойылған сұрақтардың кейбіреуі, тіпті, ойымызға кіріп-шықпауы мүмкін. Оны тек достарыңызға ғана емес, өзіңізге де қоя аласыз. 1. Өзіңіздің бойыңыздағы ең жағымды қасиет2. Ер адамның бойындағы қай қасиетті бағалайсыз?3. Әйел адамның бойындағы қай қасиет бағалы?4. Достарыңызды қай қасиетіне бола құрметтейсіз?5. Сіздің басты кемшілігіңіз?6. Сіздің сүйікті ісіңіз?7. Бақыт туралы арманыңыз қандай?8. Сіз үшін бақытсыздық деген не?9. Кім болғыңыз келеді?10. Қай елде тұрар едіңіз?11. Сүйікті түсіңіз?12. Сүйікті гүліңіз?13. Сүйікті құсыңыз?14. Сізге ұнайтын жазушы15. Ақындар арасынан кімді сүйіп оқисыз?16. Ең сүйікті әдеби кейіпкер17. Сүйікті сазгеріңіз кім?18. Сізге ұнайтын суретшіні атаңыз19. Шынайы өмірдегі сіздің қаһарманыңыз20. Тарихтағы сіз үшін ірі тұлға21. Сүйікті есімдер22. Нені жек көресіз?23. Қай тарихи тұлғаны мойындағыңыз келмейді?24. Тарихтағы соғыс жағдайындағы қай сәт сізді толғандырды?25. Қандай күшке ие болғыңыз келеді?26. Қалай жан тәсіліс еткіңіз келеді?27. Сіздің жан-дүниеңіздің дәл қазіргі халі28. Сіздің өмірлік ұстанымыңыз қандай? Ең қызықты сұраққа пікірде жауап қалдырыңыз...