- Негізгі бет
- Психология
- Дос қатарын көбейту...
Дос қатарын көбейту үшін қайту керек?
Құрметті достар, бүгін адамзат баласының достастық күні. Осы себепті бүгінгі әңгіме достық туралы болмақ. Бұл турасында Американың ең беделді психологы, адамдар арасындағы қарым-қатынастың теориясын жасаған ақылшы Дейл Карнеги бізге көмекке келеді.
Оның еңбектерінен ең-ең делінген кеңестерін теріп ұсынуды жөн санаймыз.
"Тамақ ішпей жүрудің пайдасын ойлап, оның расында да керекті дүние екенін аңғарған соң мен апта бойында нәрсіз шыдадым. Мен үшін бұл сын аса күрделі бола қоймады. Ал сол күндерде менің жақын адамдарым да ас қабылдауды қойды. Егер ойланып көрсек, сол тамақтың орнына өзгелерді назарсыз қалдырып, олармен байланысты үзу қандай қиын. Қарым-қатынас та адам үшін ең керек азықтардың бірі екенін ойлап көрсек етті".
Өзгелердің де жақсылығын мойындау керек.
Расын айтсақ, өміріміздің 95 пайызын тек өзіміз үшін өткіземіз. Ал егер бір сәтке, өзімізді емес, өзгелерді ойлап көрсек ше? Олардың орнына өзімізді қойып көрсек біз жақын адамдарымыз бен достарымыз туралы ешқашан да жаман ойлап, немесе өсек айтпайтын едік, солай ма? Шын мәнінде де өзге бір жақын адамыңыздың жақсы қасиеттері мен қырларын көре білейікші.
Адамдарға әсер етудің жалғыз жолы.
Адамға әсер етудің жалғыз жолы ол – оның жағдайы мен арманы жайлы әңгімелесу, өз мақсаттарына жетуі жолындағы белестерді көрсете білу. Әрине, дәл осы әдіс сіздің досыңызға ұнап, онымен деген байланысыңызды нығайтасыз.
Саудагерлер жиі жасайтын қателіктен қашу.
Өз ісінің білгірі де қателеседі. Бір кездері мен Филадельфиядағы дәрігерге бардым. Ол менің денсаулығымды тексеріп, жағдайыма қарасудан бұрын кім екенімді, немен айналысатынымды сұрады. Осы ісімен ол маған көмектеспейтінін, тек өзіне қанша пайда таба алатынын ойлайтынын көрсетті. Әрине, ол менен ештеме де өндіре алмады. Мен оған деген жеккөрініш сезімімді ұлғайтумен алдынан кетіп қалдым. Әлемде аяушылық сезімі жоқ арамза адамдар көп. Өзгелерге шын мәнінде де көмек қолын созатын адам ғана үлкен басымдылыққа ие бола алмақ. Ол адамның бәсекелесі де жоқ.
Ұлы ұстаз.
Адамдар оқу орнында көптеген ұстаздарының білімін алып кетіп жатады. Ал сол ұстаздарының не туралы ойлайтыны, қалай ойлайтыны жайлы біле бермейді.
Тек ит қана ештеме бермей өмір сүреді. Ол тек сүйіспеншілік сыйлайды.
Итті ертең-ақ көшеден кездестіре аласыз. Оған жақындап, еркелетсеңіз ол бар ынтасымен сіздің алдыңызда ойнақтап, сізге деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Осы әрекетінен-ақ оның ойын ашық түсінуге болады. Ол сізге астыртын түрде үйленіп алғысы келмейді, ол сізге қандай да бір тауарын өткізгісі келмейді. Ит қана бізге ештеме пайда түсірмей-ақ өмір сүруге құқылы екенін білесіз бе? Ал тауық жұмыртқа сыйлайды, сиыр сүт береді, тіпті бұлбұлдың өзі шырқайды.
Досымыз көп болсын десек одан ештеме күтпейік және оған ештеме қарыздар болмауға тырысайық.
Әңгімелесушімен тек оған қызықты тақырыпта сөз қозғаңыз.
Серігіңізге ынтасымен жауап беретіндей сұрақтар қойыңыз. Ол тек өзі туралы сөйлейтін болса да оны іштей кешіру керек. Есіңізде болсын, сізбен әңгімелесіп отырған адам сіздің жағдайыңызға қарағанда өз басының жағдайын айтқысы келеді. Оның тісі ауырып жатса оған Қытайдағы ашаршылық салдарынан мыңдаған адам өмірімен қоштасып жатқаны маңызды емес. Бетіне безеу шықса оған Африкадағы қырық жер сілкінісі маңызды емес. Әңгімені бастамас бұрын осы жайында ойланып алу керек.
«Мазалағаным үшін кешіріңіз...», «Ғафу етіңіз...», «Мүмкін болса...» деген кішігірім сөз тіркестері күнделікті ауыр тіршілікті бір сәтке болса да ұмыттырады. Дәл осы сөздер де адамның тәрбиесін көрсетеді.
Сынаудан бұрын, түсінуге тырыс.
Ақылсыз ғана сынап, мінеп, өзінің қарсы ойын жеткізеді. Ал түсініп, кешіру үшін өзін өзі басқара алатын әрі ерекше көркем мінезі бар адам болу керек.
Адам есімдерін жаттау.
Франклин Делано Рузвельт өз кезінде ең бір пайдалы әдісті қолданатын болған. Ол адамға әсер ету үшін адамдардың аттарын жаттап алатын.
Естіп қана қоймай, тыңдау да керек.
Бәрімізге белгілі, көптеген дүкендер керемет дүкен салып, оны әрлеп, сәндеп, кейін адамды қызықтыратын тауар алып, жарнама жасап, оған ақша жұмсайды. Бірақ сол саудагерлердің ақылсыздығы сол, өз тұтынушысын тыңдай алмайды, оған не керек екенін білуге талпынбайды. Тіпті оған қарсы шығып, сөз жарыстырады. Адамдар да, әттең, дәл осындай қарым-қатынасты жасап алған. Егер досыңыз көп болсын десеңіз жақсы тыңдаушы болыңыз.
Мойындаудың ғажайып күші.
Әрбір адамның, тіпті ол сондай тиран болса да, жақсы қасиеті бар. Оны көре білу де, бағалай, мойындай білу де үлкен өнер.
P.S. Ендеше, достар, өзіміз туралы тең-тең ойлардан босап, өзгелер жайында да бас қатырып көрелік, кім біледі, мүмкін сіздің де достарыңыз көп болар?
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: blogspot.com
А. Құлтай