Денсаулық заңдылығына бағынасыз ба? Тест

Салауатты өмір салты деген ұғымды қалай түсінесіз? Сіз денсаулық заңдылығына бағынасыз ба? Қалай тамақтанасыз? Жалпы сіз қандай адамсыз? Бұл сұрақтарға жауап іздеу үшін төмендегі нұсқалардан өзіңізге жақынын белгілеп отырыңыз. 

І. 
1. Жастыққа басым тисе, ұйқыға кетемін.
2. Оятқыштың даусын естіген бойда, уақытын кейінге шегеріп қоямын. 
3. Менің ұйқым қанған жоқ, құрыған дүние құрып кетсін: ұйықтаймын. 
4. Күн тәртібіне байланысты өз уақытында жатып, өз уақытында тұрамын. Артық ұйқыға уақыт жоқ! 

ІІ. 
1. Мен өз жұмысымнан ләззат аламын! 
2. Маған қандай жұмысты берсеңіз де, шыр айналдырамын! 
3. Менің құрбыларым қандай бақытты еді?! 
4. Мен достарыммен мақтанамын! 

ІІІ. 
1. Мен жиі сөзге келемін. 
2.Менің көңіл-күйім тез түседі, бірақ шәйі орамал кепкенше. 
3. Күнде өзімді қуантуға тырысамын! 
4. Өмірде мұң мен қуаныш қатар жүру керек. Онсыз болмайды. 

IV. 
1. Аптасына бір рет болса да фитнеспен шұғылданамын. 
2. Жаттығу жасамаймын. Онсыз да жүмыста да, үйде де физикалық күш көп жұмсаймын. 
3. Мен жеделсатымен көтерілмеймін. Жаяу жүру керек. 
4. Таңғы жаттығусыз далаға шықпаймын. Көшеде жаяу жүріп, жұмыста жаттығу жасаймын. 

V. 
1. Айына 6 рет ет қосылған тағам жеймін. 
2. Дәрумендер қабылдап жүрмін. 
3. Мен үшін тамақтың құрамында не бары қызық емес, бастысы дәмді болсын! 
4. Майлы, тәтті, тұзды тағамдардан қашамын. 

VI. 
1. Суық тисе, басым ауырса, өзімді жайсыз сезінсем, халық еміне жүгінемін. 
2. Жылына екі рет дәрігерге қаралып тұрамын. 
3. Бір жерім сыр берсе, дереу «103-ке» қоңырау шаламын. 
4. Менің денсаулығым жақсы: уақытында тамақтанып, уақытында дәрі қабылдап тұрамын. 

VII. 
1. Күнде бір уақыт өзіме демалыс жариялаймын.
2. Көптен бері демалыс алмап едім, бірақ ол туралы күнде ойлаймын. 
3. Маған демалыс керек емес, – жұмыс кезінде демаламын. 
4. Демалысқа жиі шығамын. 

VIII. 
1. Қала сыртында демалған ұнайды: бақша суарып, таза ауада серіккенге не жетсін?! 
2. Жағажайда жатып, суға түсіп тыныққан ұнайды. 
3. Демалыста бәріне үлгеруім керек: сауда жасап, саяхаттап, суға түсіп демаламын. 
4. Демалысымның көп күні үй тірлігімен жоқ болып кетеді. 

IX. 
1.Жұмысымды жиі ауыстырамын. 
2.Мен балалық шақтағы достарыммен әлі де араласамын. 
3. Үй жиһаздарын ауыстырғанды ұнатамын. 
4. Мен ұялы телефонды бір маркадан сатып аламын. 

X. 
1. Өзімді басқа қырымнан танығым келеді. 
2. Өмірлік жоспарымды құрдым, ол іске аспай қалса, жаңа жоспар құрамын, қалайда мақсатыма жетуім керек. 
3. Үлкен мәселе туындаса, мен үшін шешілмейтіндей болып тұрады. 
4. Мансап жолында биікке көтерілгім келеді. 

XI. 
1. Жұмыстағы күн тәртібім маған ұнайды. 
2. Өз еркіммен жүргенді ұнатамын, бірақ жұмыстың аты – жұмыс. 
3. Жұмысқа бір уақытта келе алмаймын, бірде ел соңында келемін, бірде жұмыстың есігін мен ашамын. 
4. Жұмыс уақытында тек жұмыспен айналысамын: 9.00-де келіп, 18.00-де шығып кетемін. 

XII. 
1. Ешқашан қарызға ақша алмаймын. 
2. Несие алғанды жек көремін, бірақ жағдай талап еткен соң, аламын. 
3. Айлыққа дейін ақшамды жеткіземін, тіпті артылып қалады. 
4. Ақша көп болған сайын, соғұрлым жетпей кетеді екен. 

XIII. 
1. Әріптестерімді қатты жақсы көремін. 
2. Жұмыс барысында мәселе туындаса ғана әріптестеріміздің басы қосылады. 
3. Менің жұмыс орнымда қарға қарғаның көзін шұқиды. 
4. Жұмыс – жұмыс, достық – достық. 

Мына жауаптарға 10 ұпай: I-4; II-2; III-3; IV-1; V-2; VI-2; VII-4; IX-2; XI-4; XII-3; XIII-1. 

Мына жауаптарға 5 ұпай: I-1; II-1,4; III-4; IV-3,4; V-1,4; VI-1,4; VII-1; VIII-1,2; IX-3,4; XI-1, XII-1; XIII-2,4. 

Мына жауаптарға 1 ұпай: I-3; III-2; VI-3; VII-2; VIII-3; X-3,4; XI-3; XII-2,4. 

Мына жауаптарға 0 ұпай: I-2; II-3; III-1; IV-2; V-3; VI-3; VII-3; VIII-4; IX-1; XI-2; XIII-3. 

5-45 ұпайдың аралығы: Саулығыңызға немқұрайлы қарайсыз. Бұл сіздің жан дүниеңізге әсер етпей қоймайды. Артық салмақ қатты алаңдатса, диета ұстамай-ақ қойыңыз, бар болғаны тәттіден бас тартыңыз. Саулығыңыз түзелмей, мақсаттарыңызға жете алмайсыз, себебі күресе алмайсыз. Қоршаған ортаға көз тастап көріңіз, қуаныш пен күшті күн көзінен алып үйреніңіз. 

46-69 ұпайдың аралығы: Сіз өзіңізге батыр болып көрінетін шығарсыз, бірақ өзгелер үшін әлсіз көрінесіз. Себебі, сіз физикалық күш жұмсамайсыз. Велосипед теуіп келген соң, аяқ бұлшықеттердің ауырсынуын сезіне білу керек. Күйзелістен тәттілер құтқармайды, олар тек көңіліңізді көтереді. Осыны ұмытпағайсыз. Жоспарды нақты құрып үйреніңіз. 

70-99 ұпайдың аралығы: Өз-өзіңізді қадағалай аласыз. Бұл сізге жаңалық емес. Сіз өзгеріс жақсы көресіз. Бұл қалпыңыздан танбаңыз. Мансапта да, жанұяда да қадіріңіз артып келе жатқандығы – өзіңіздің табандылығыңыздың арқасында. Дұрыс тамақтансаңыз, артық етпейді. Бастысы – өзгелердің пікірімен жүріп кетпеңіз. Егер сіз суға жүзгенді ұнатсаңыз, достарыңыз велосипед тепсе, өз қалауыңызды жасаңыз.

100-150 ұпайдың аралығы: Салауатты өмір салтын берік ұстану – болашағыңыздың кепілі. Уақытында тамақтанып, демалып, дәрумендер қабылдап, денсаулық заңдылығын бұлжытпай орындайсыз. Енді өзгелерге де өз құпияңызды бөлісіңіз.