- Негізгі бет
- Психология
- Демалысты қалай өткізесіз?...
Демалысты қалай өткізесіз?
Кейбір адамдар демалысты асыға күткенімен, оны қалай өткізу керек екенін білмейді. Егер уақытыңыз болса, барынша оны тиімді қолдануға тырсыңыз. Демалысты текке өткізбеудің мынандай жолдарын ұсынамыз.
1. Өз қалаңызды тануға мүмкіндік:
Барлық адамның әркез қыдырып баратын, көретін, демалатын арнайы орындары бар. Дегенмен, сіз білмейтін қаланың сәнді, ыңғайлы бұрыштары барын естен шығармаңыз. Демалыс күніңізді пайдаланып, бұрын бармаған жерлерге барып көріңіз.
2. Достарыңызбен бас қосу:
Әрине, қыстың суығында қыдырғаннан гөрі, үйде отырғанды жөн санайтын адамдардың қатары көп. Одан шығудың бір жолы – достарыңызды өзіңіздің үйіңізге шақыру.
3. Ескі заттарыңызды жинақтау:
Өзіңіз қолданбайтын, бірақ, лақтыруға қимайтын заттармен қош айтысатын уақыт келді. Оны қоқыс жәшігіне лақтырғанша, оған мұқтаж адамдарға таратып беріңіз немесе интернет-дүкендер арқылы сатылымға шығарыңыз.
4. Фотосессия ұйымдастырыңыз:
Күн артынан күн өтіп жатыр, ал сіз өткен демалыста немен айналысқаныңызды есіңізге түсіре алмай қиналып отырсыз. Өміріңіздегі барлық қызықты сәттердің барлығын суртеке түсіріп алуды ұмытпаңыз. Есесіне, естеліктер қоры мәңгі жадыңыда қалмақ.
5. Ерекше ас дайындаңыз:
Ең қиын әрі дәмді тағамды таңдаңыз да, оны барлық құрамын сатып алыңыз. Кейін ерінбей дайындап көріңіз. Оны өзіңізше әрлеңіз немесе құрамына сәл өзгеріс енгізіп, жаңа тағам дайындаңыз.
6. Балаларыңызбен уақыт өткізіңіз:
Егер балаларыңыз болса, олармен уақыт өткізуге тырысыңыз. Олармен бірге мультфильм көріңіз, ойындар ойнаңыз, хайуананттар бағна барыңыз. Бұл – сіздің балалық шаққа оралатын мүмкіндігіңіз.
7. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз:
Денсауылғыңыздағы ақаулар мен қиындықтармен күресіңіз. Жаттығулар жасап, арнайы массаж алуды да ұмытпаңыз.
8. Коллекция жинаумен айналысыңыз:
Оның не екені маңызды емес: жәндіктер мен ыдыстың белгілі бір түрі болуы да мүмкін. Коллекция жинаумен айналысу – бұл ақшаны талап етпейді. Әсіресе, табиғатта кездесетін зат болса. Бұл сіздің өзіңізге тән қасиетіңіздің бөлшегі болып қалады.
9. Өзіңіздің тегіңізді ұмытпаңыз:
Демалыс күн – алыс туысқандарыңызбен араласуға ұсынатын ең үлкен мүмкіндік. Оларға қоңырау шалып жағдайларын біліңіз, отбасындағы қуаныштармен бөлісіңіз.
10. Кітап оқуды ұмытпаңыз:
Тыныштық пен кітап әрқашан үйлесімділік табады. Егер сөреңізде жаңа кітап болмаса, ескі кітаптарды қайта қарап шығыңыз. Ең сүйікті шығармаңыздағы қатты ұнатқан бөлімді қайталап оқыңыз. Не сезіндіңіз? Мұның бәрін бізге блог немесе пікір арқылы жазуды ұмытпаңыз.
Демалысыңыз сәтті өтсін!
Т. Есқали