Көптен күткен демалыс та келіп жетті. Апта бойы ештеңеге уақытыңыз жетпей, қол сілтеп, демалыс күні жасап тастаймын-ау деген сәттеріңіз болды ма? Ал енді демалысқа қаншама іс қалдырғанды ойлағанда, жұмыс күндерін аңсап кетесіз бе? Әрине демалысты осылайша өткізген дұрыс емес. Атына заты сай демалыста шамалы болса да сергіп, серуендеп, ұйқыны да қандыру керек. Демалысыңызды пайдалы өткіземін деушілерге айтарымыз: мына кеңестерге құлақ асып, аптаның соңғы күндерін ұмытылмас қылыңыз.
1. Ұйқыңызды қандырыңыз. Иә, апта бойы армандағаныңыз осы емес па еді? Демалыс күндері еш ұялмастан түске дейін ұйықтап, күш жинаңыз.
2. Үй жинаңыз. Сенбілікті қалдырмай, үй шаруаларын істеп тастаңыз. Демалыста терезе не шам жуу сияқты жиі істелінбейтін істі тындырып тастасаңыз, бұл күндердің босқа өтпегегіне риза боласыз.
3. Азық-түлік, үй шаруасына керек заттар, тіпті өзіңізге киім-кешек алсаңыз да, дүкен, базар аралап қайтыңыз. Біраз сергіп, өзіңізге керек дүниелерді алып қоясыз.
4. Достарыңызбен кездесіңіз. Достармен бас қоспай өткен демалыс босқа өтті дей беріңіз. Олармен біраз серуендеп, күнделікті істерден сергіп қаласыз.
5. Жақсы фильм тамашалаңыз. Сізге ұнайтын, сізді ынталандыратын фильм қарап, жақсы сезімдерге бөленіңіз. Сонымен қатар бұл дем алудың амалы.
6. Кітап оқыңыз. Әрине кітап оқу күнделікті істердің тізімінде болуы керек. Алайда көбінесе оған уақыт жетпей жатады. Сондықтан демалыс күндері бұл іске бірнеше сағат бөлгеніңіз дұрыс.
7. Ата-ана, әпке-бауыр, туыстарыңызды еске алыңыз. Оларға қонаққа барып, не қоңырау шалып, көңіл бөліңіз.
8. Ойланыңыз. Күнделікті өмірде біз ең басты мәселелер жайлы ұмытамыз. Мысалы, өзіңізбен тілдесу. Өзіңіздің рухани жағдайыңызға баға беріп, өмірден не қалайтындығыңыз жайлы ойланыңыз.
Осы кеңестерге құлақ асқандар, әлбетте жексенбінің кешінде өткен демалыстары үшін өкінбес.
Сурет: lady.tochka.net.