- Негізгі бет
- Психология
- Демалыс күні жұмыс...
Демалыс күні жұмыс істегіңіз келе ме?
Адам өзінің негізгі міндеттерін атқарып болғаннан кейін өмір бойына жұмыс жасап өтеді. Өз міндеттері деп отырғанымыз оқу, білім алу және мамандық бойынша тәжірибе жинау. Ал осы жинаған ілімдерін жұмыс барысында өз керегіне жаратады.
Жұмыс істеу әлемдегі ең тұрақты әрі бірегей қалыптасып кеткен жүйе. Жұмыс жоқ, ақша жоқ. Еңбектеніп тапқан наныңыз тәтті болатыны тағы бар. Дегенмен аптасына жеті күннің бес күні жұмыс уақыты болса, екі күн демалыс. Бұл Еуропа елдеріне тұрақты түрде қалыптасқан жағдай. Дегенмен кей елде оның ішінде біздің еліміз де бар, демалыс күндері де жұмыс жасайды.
Демалыс күні кімнің жұмыс жасағысы келеді дейсіз. Бірақ жұмыс жасауға тура келеді. Сонымен демалыс күні жұмыс жасайтындар кімдер?
- Айлығы бір айдан бір айға әрең жетіп отырған, жұмыстан айрылып қалмау үшін бәріне көнетін қызметкерлер;
- Бастығына және жұмысына деген адалдығын көрсеткісі келетін қызметкерлер;
- Жалпы демалыс күні жұмыс жасауды әдетке айналдырып алған адамдар;
- Белгілі жұмыс тәртібіне байланысты жұмыс жасайтын қызмет орындарындағы қызметкерлер;
- Жұмысқа енді кіріп, тәжірибеден өтіп жатқандар;
- Өзінің шамасын білетін, жұмысты жоғары деңгейде жасауға қауқарсыз адамдар. Себебі олар бастыққа талап қоя алмайды. Ал талап қойғаннан кейін сіз соған лайық болуыңыз керек.
Ал демалыс күні кімдердің демалып жататыны белгілі. Олар негізінен бастықтар мен байлар және өзіне сенімді мамандар, талап ете алатын қызметкерлер. Демалыс күні жұмыс жасағыңыз келмесе, өзіңізге берілген бес күн ішінде барлығына үлгеріңіз. Әмбебап болыңыз немесе жоғарыда атап өткен міндеттемелерді уағында дұрыс пайдаланыңыз.
М. Ақан