Данышпандардың жазуы қандай болған?

Назарларыңызға жазуы ең нашар данышпандардың ондығын ұсынамыз:

10-орын: Сол қолмен жазатын Леонардо да Винчидің қолжазбаларын айнаға қаратып тұрып қана оқи аласыз. Оның әрбір жазылған сөзінде құпия сыр бар. Сол себепті Леонардо да Винчидің жазғанын оқу үшін арнайы мамандардың көмегі қажет.

9-орын: Наполеон жазу машығын өмірінде 7 рет өзгерткен. Уақыт өткен сайын жазуы өзгеріп, түсініксіз бола берген. Наполеонның «Клиссон мен Евгения» атты роман жазғанын да айта кетейік. «Клиссон мен Евгения» романын оқып шығу үшін мамандар біраз тер төккен.

8-орын: Пушкин шығармаларын ерекше жылдамдықпен жазатын болған. Алайда бұл қасиетін мектептегі ұстаздары да, өзінің шәкірттері де ұнатпаған екен.

7-орын: Николай Гумилевтің жазуы майда әрі түсініксіз болған.


6-орын: Лермонтов жазу машығын өзгертуге тырысқан. Алайда түсінікті етіп жазғанның өзінде әріптері жолдан жоғары-төмен «секіріп» отырған. Графолог мамандар бұл жазуды мұңлы адамның жазуы деп бағалаған.

5-орын: Бетховен симфониясының тоғызыншы қолжазбасын түсініп оқу үшін 2 жыл уақыт кеткен. Бұл кезде Бетховенның сүйікті жазушысы қайтыс болып, екі мұрагері данышпанның жазу машығын әрең түсінген еді. Бетховенның жазушысының қателерін түзеп отырып, ашуланған кезде “du verfluchter Kerl!” деп жазып қойған екен. «Ей, сен ақымақ!» деген мағына береді.

4-орын: Черчилльдің эпистолярлық құжаттарын оқу үшін ерекше дарын қажет. Оның майда жазуын қарапайым адам түсіне бермейді. «Жазуыңыз Клеопатраның жазуынан аумайды» деген сөзге Черчилль қатты қуанып қалған екен.

3-орын: Осы секілді Карл Маркстың жазған құжаттарын оқу қиынға соғады. Ол көп сөздерді бірге жазып қоятын болған.


2-орын: Эйнштейн мырза тек түсініксіз жазумен жазып қоймай, қолжазбалары ерекше лас болған. Оның жазбаларынан сия дақтары мен саусақ іздерін көруге болады.

1-орын: Лев Толстой түсініксіз әрі тыныс белгілерді артық мөлшерде қолданып жазған. Оның жазуын жақсы түсінетін жандардың бірі әйелі. Ол "Соғыс және бейбітшілік" («Война и мир») романын бірнеше рет жазып шыққан. Психиатр Чезаре Ломброзо Лев Толстойдың жазуын көріп, психологиялық ауытқуы бар жеңілтек қыздарға тән жазу екендігін айтқан. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fact.ru