Шығыстың белгілі ойшылы Далай Лама жаңа мыңжылдықтың бастауында өмірдің 18 ережесін құрастырып шыққан екен. Сіз де біле жүріңіз:
1. Үлкен махаббат пен сәттіліктің үлкен тәуекелмен байланысты екенін назарыңыздан шығармаңыз.
2. Сіз жеңілген кезде, жинақталған тәжірибеден айырылып қалмайсыз.
3. Мына үш ереженің соңынан мәңгі еріп жүріңіз: а) Өзіңді сыйла; ә) Өзгені сыйла; с) Өз істегенің үшін берілетін жауапкершіліктен қашпа.
4. Ұмытпаңыз, сіздің қалаған нәрсеңіз әрдайым қажет бола бермейді.
5. Дұрыс бұзу үшін ережелерді жаттап алу керек.
6. Ұсақ текетірестің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз.
7. Қателескен болсаңыз – бірден түзету үшін әрекеттер жасаңыз.
8. Кейде оңаша қалып, өзіңді тыңдап тұру керек.
9. Өзіңізді еркін сезініңіз, бірақ, шекараны ешқашан бұзбаңыз.
10. Есіңізден шығармаңыз, қиындыққа төтеп берген достық – ең жақсы қарым-қатынас саналады.
11. Кейде адамдығыңды сақтап қалу үшін қатты қалаған нәрсеңнен бас тартуға тура келеді.
12. Сіз сүйетін, сізді сүйетін атмосфера – өміріңіздің негізін құрайды.
13. Пікірталас кезінде тек осы шақ туралы айтыңыз, өткенді қозғауға болмайды.
14. Біліміңізбен бөлісіңіз, бұл – өлместікке жетудің бір жолы.
15. Жер ананы аялаңыз, сүйіңіз.
16. Жылына бір рет әлі барып көрмеген жаңа жерлерге барып тұрыңыз.
17. Есіңізде болсын, кейде үнсіздік ең дұрыс жауап бола алады.
18. Қартайғанда еске алатын естеліктер болсын десеңіз, лайықты өмір сүріңіз.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: estikavkaza.ru