Далап түсі қыз психологиясынан сыр шертеді

Далап түсі қыз психологиясынан сыр шертеді

Қызыл түсті  далап қолданатын әйелдер байсалды,отырған орнында,қоршаған ортасында өзіне сенімді,аз-аздап аңқаулығы да бар.Кейде махаббат бойынша жеңіл-желпі шатысқа да барып қалатын адамдар болғаны.

Күңгірт-қызыл қоңыр түсті далап жақсы көретін әйелден мүмкіндігінше алыстау жүрген жөн.Олар өте менмен,қолынан келсін-келмесін әр нәрсеге ұрына  кететін,өкініш дегенді білмейтін тік бақайлы болып жаратылған.

Күлгін түсті далап ұнататын әйелдің сыртқы бейне,бет-пішіні момақан ғана болып көрінеді және оған сеніп те қаласың,алайда,ішкі жан-дүниесі от болып жалындап тұрады.Оны сын сөзбен білдіреді,сөз оның өмірлік басты құмарлығы.

Қып-қызыл түсті бояуды ұнататын әйел мақсатына атойлап жетеді екен және де олар адал,ақиқатшыл,кей-кейде қатігез болғанымен негізінен тіке айтатын,айналасындағыларға жақсы әсер ететін және солай ете алатын жандар болып келеді.

Қоңыр  түсті далапты көп пайдаланатын әйелдер белсенді болып келеді,алдағы күндерге сеніммен қарайтын,салауатты өмір сүрушілікке құштар.

Жылтыр сұйық   бояуды жиынтопты,аласапыранды ұната қоймайтын,көпшіліктен шеттенкіреп жүретін,отбасында отыруды қалайтын әйелдер  көп жағады.

Қоңыр-қызыл түсті  далапты көп жағдайда өз күшіне өзі сенбейтін,уайым-қайғышыл әйелдер пайдаланады.

anabol.kz

А. Оралқызы