Өмір атты ұзақ жолда түрлі адамды жолықтырамыз. Жақсылары бақыт пен тәтті естелік, ал жамандары тәжірибе мен бағалы сабақ тарту етеді. Алғашқыларын есімізге алғанда еріксіз жымисақ, кейінгілері көңілімізге қаяу түсіреді. Олардың әрқайсысын бағалай білу керек.
Кезекті материалымызда өмірімізге бақыт сыйлайтын 4 адам түрі туралы жазғым келеді.
Ең алдымен, ол адамдардың қандай болатынын анықтап алайық:
♥ бізге барынша адал әрі шынайы қарым-қатынас танытады;
♥ үнемі қол ұшын созып, көмектесуге құмар келеді;
♥ өз ұстанымдары мен таңдауларын бізге күштеп таңудан аулақ;
♥ бізді әрдайым құрметтейді;
♥ өзгелердің қателігін кешіре біледі;
♥ өзін де, өмірді де жақсы көреді.
Шындығында, айналамызға зер салсақ, мұндай адамдардың өте көп екенін байқаймыз.
©Дмитрий Воронов
1. Жақсы көңіл күй тасымалдаушылар
Ата-анасы мен өзге отбасы мүшелерінің арқасында жастайынан жағымды энергия жинап, оны өзгелерге тасымалдайды. Кей адам олардың ашық мінезін жеңілтектікпен шатастыруы мүмкін. Олар қорқыныштарын жеңе біледі. Достарын қалай жақсы көрсе, дұшпандарына дәл солай әділдік танытады. Мұндай адамдардың өмірде бар болуының өзі – бір бақыт.
Бақытты адам әрдайым көңілді жүреді. Ал бақытты адам – нағыз мейірімді жан.
В.Г. Белинский
©Вячеслав Пель
2. Тағдырдың соқпақ жолына тап болса да, қабырғалары еш қайыспайтын жандар
Бұл адамдар тар жол, тайғақ кешіп, сан жерден сүрінсе де, қайта тұрып жүгіруге дайын. Қиындықтар тән жарақатын салса да, оның жан дүнисіндегі қайсар мінезіне еш әсерін тигізе алмайды. Мотивацияларын жоғалтпайды.
Есіңізге «Жүзіктер әміршісі» фильмін түсіріп көріңізші.
Жылы іннен аштық пен қиындықты жөн көрген Фродо мен Сэм:
- Сэм, менің қолымнан келмейді.
- Білемін. Бұл – қате. Шындығында, бізге бұл жерге келудің де қажеті жоқ еді. Бірақ, біз осындамыз. Фродо мырза, біз жанды еліктіріп әкететін аңыз ішінде тірілгендейміз. Ол жерде түрлі қиындық пен қауіп бар. Соңы немен аяқталатынын білмегендіктен, ол туралы сұрағым да келмейді. Барлығы дәл осылай жаман болып тұрған кезде қалайша жақсылыққа жоримыз? Бірақ, барлығы да өткінші. Ең қалың тұман да ерте ме, кеш пе сейіледі. Жаңа күн туады. Күн шығып, бұрынғысынан да қатты жарқырай түседі. Оларды бала күніңде ғана естіген болсаң да, мұндай ұлы аңыздар мәңгілік есте қалады. Бірақ, Фродо мырза мен түсінетін сияқтымын. Енді түсіндім. Бұл шытырман оқиғаның қаһармандары жүз мәрте қорықса да, бағыттарынан таймайды. Олар өздерінің сүйеніші үшін күреседі.
- Сэм, сонда біздің сүйенішіміз не нәрсе?
- Фродо мырза, біздің сүйенішіміз - мейірімділік. Ол үшін қасық қанымыз қалғанша күресетін боламыз.
©Светлана Попова
3. Мықты көшбасшы
Олар жеңіске жететіндігіне күмән келтірмейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруды жөн көрмейді. Алдына айқын мақсат қойып, оған қалай жету керектігін біледі. Мақсатына жету үшін қасық қаны қалғанша күресуге дайын. Қорқыныштарын жеңіп, жолдарындағы кедергілерді жояды. Мүддесін құрбан етсе де, бойына сенімсіз жандарды соңынан ертіп жүруге дайын.
Ұлы істерді ұлы адамдардың көмегінсіз жасау мүмкін емес. Ал ұлы адам болу үшін батыл болу керек.
Шарль Де Голль
©Дина Топоровская
4. Бүлікшілер
Мүддесін құрбан етпейді, бойында оптимизм, көшбасшылық сынды қасиеттер де жоқ. Бірақ, әлем мен әділетсіз жүйені өзгертуге қауқары жетеді. Олар – төңкерісшілер. Болмысы ешкімге ұқсамайды. Айналасына бейімделгісі келсе де, шынайы мінезінің ұшқыны байқалып тұрады. Жасандылықтан аулақ болудың арқасында өздерін бақытты сезінеді.
Өмірде қуаныш пен қайғы қатар жүреді. Олардан жақсы, жаман сабақ аламыз. Бірақ, өмірдің бізге қандай сыйлық тарту ететіні маңызды емес, ол сыйлықтарды қалай қабылдайтынымыз маңызды.
Ал Сіздің айналаңызда дәл осындай адамдар бар ма? Оларыдң мінезін сипаттай аласыз ба?
Оқи отырыңыз:
Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?
Сүйген қызыңыздан айырылып қалмаңыз
Қыздар бейтаныс жігітке 45 секундтың ішінде баға береді
Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды?
Қыздар қандай жігіттерді ұнатпайды?
Адамдар қалай ғашық болады?
Басты сурет авторы:©Владимир Петухов