- Негізгі бет
- Психология
- Бізді сүймеген жандарды...
Бізді сүймеген жандарды қалай босатамыз?
«Сезім әйнек секілді. Оларды жинаймыз деп жарақаттанып қалмас үшін, сынып жата бергені дұрыс...». Белгісіз автордың айтқан сөздері шындыққа жанасатын секілді. Кейде өткен махаббатты қайтарамыз деп жанымызды ауыртып аламыз. Сол себепті адымдап болсын алға жылжып, жаралы жүрекке өмір сүруге көмектескен жөн секілді. Сүйіктіңізді босатуға көмексетін кеңестер ұсынамыз.
Есте жақсы мен жаманды қатар сақтаңыз
Сүйікті адамыңызды жоғалтқанда жақсы істер ғана есте қалады. Бірақ, айырылусудың да себебі болды ғой? Олар біреу емес бірнешеу. Барлығын мінсіз етіп көруге тырыспай, қарым-қатынастың жағымсыз тұстарын да еске алған жөн.
Жоғалтқан адамыңыз жаныңызды жарақаттайды. Өмірімізде болған жағымсыз жағдайларға қарамастан үнемі алға жылжып, алдымызға қойған мақсаттарға жете аламыз. Сүйген адамыңызды босата отырып, өмір бойы жауабын білмес сұрақтардың болатындығын да біліңіз. Мысалы, әпкелі-сіңлілі Сабина мен Медина осыдан 5 жыл бұрын ренжісіп қалған. Ол жерде кішісі үлкеніне «Мен сенімен енді сөйлеспеймін және не себепті екендігін түсіндірмеймін» деген. Осы сөздерден кейін бір-бірін ұмытып, осы күнге дейін араласпайды.
Өзге адамдардың сезімін бақылауға ала алмайтындығыңызды біліңіз
Мықты, сұлу, ақылды, қамқор болсаңыз да өзге адамдарға билік жүргізу мүмкін емес. Егер олар сізден бас тартқан болса, оған себебі бар. Неғұрлым өзгелерге билік жүргізе алмайтындығымызды түсінген сайын, ол адамдарды жылдам босатамыз.
Ол адамды бірден босату мүмкін емес
Өткен өмірге көз жұма қарап, бірден бақытты болып кету мүмкін емес. Өткен өмір – белгісіз бағыттағы жүрістердің ізі қалған жол. Сол жолда қалған іздерді өшіру - уақытты талап ететін құбылыс.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: nedug.ru
Қ. Бүйенбай