- Негізгі бет
- Психология
- Бізді ақымақ етіп...
Бізді ақымақ етіп көрсететін 15 зат
Адам баласы өзінің деңгейінің қандай екендігін білмесе де, ақымақ болып көрінуден қорқады. Бізді ақымақ етіп көрсететін 15 зат бар. Олар төмендегідей:
1. Теледидардағы түрлі шоуларды қарау. Аустралиялық ғалымдар алдымен теледидардан шоу көрсетіп, бірнеше адамға білім деңгейін анықтауға арналған тест жүргізген. Қорытындысы бойынша, реалити шоуды көрген адамдар көрмегендеріне қарағанда ақымақтық танытқан.
2. Қант. Қантты 6 апта бойы көп мөлшерде қолдану мидың жұмыс жасау қабілетін төмендетіп жібереді. Нәтижесінде есте сақтау қабілеті де нашарлайды.
3. Бір уақытта бірнеше іспен айналысу. Адам баласы бір уақытта бірнеше электр құралдарын пайдаланатын болса, назарын бір істің аясында жинақтауы қиындайды. Соның арқасында ұмытшақ болады.
4. Сағыз. Сағыз шайнап жатқан кезімізде «уақытша есте сақтау» қабілетіміз жойылады. Алайда өміріңізде бұрын-соңды болмаған оқиғаларды есте сақтауға көмектеседі.
5. Артық салмақ. Кент университеті арықтауға арналған ота жасатқан 100 адамды арнайы зерттеген. Ота жасатқанға дейін олардың есте сақтау қабілеттері орташа болған. Алайда ота жасалғаннан кейін 12 апта өткен соң олардың бұл көрсеткіштері жақсы жаққа өзгерген.
6. Тәуліктің ауысуы. Бұл жағдай көбінесе шет елдерге демалып барғанымызда орын алады. Беркли университетінің ғалымдары алақоржынның (хомяк) күн тәртібін 3 күн сайын өзгертіп отырған. Осы тәжірибені бір ай бойы қайталап, нәтижесінде алақоржынның әдеттегіден 50% нейрон өндіретінін байқаған.
7. Фтор. Ғалымдар фторы басым аймақта өмір сүретін балалардың IQ-лері әлдеқайда төмен болатындығын байқаған. Мұнымен қатар, фтор көптеген сулардың құрамында кездеседі.
8. Жұмыстағы жиналыстар. Қазіргі заманда ай сайын, апта сайын болып тұратын жиналыстар – қалыпты құбылыс. Алайда Виргин колледжінің ғалымдары мұндай жиналыстарда ми белсенділігі төмендеп, адамдар парасатты ойлаудан ада қалатындығын дәлелдеген. Әсіресе, әйел заты. Бұл бір үкімді бірнеше сот шығарғанмен немесе бастаңғыларда отырып көңіл көтерген достардың әңгімесімен ұқсас дейді.
9. Бала күніңізде таяқ жеу. Ұрып-соғудың ауыр немесе жеңіл түрі болмасын өскенде мидың жақсы жұмыс жасауын 5% төмендетеді.
10. PowerPoint презентациясы. АҚШ әскербасының айтуы бойынша, PowerPoint презентациясы адамдарды едәуір ақымақ етеді. Ми дұрыс жұмыс жасау үшін мәселелерді қарап, оның шешімін тауып отыру керек. Ал Microsoft бағдарламасында мұндай мүмкіндіктер жоқ.
11. Пассивті түрде шылым шегу. Шылым шегу, әсіресе, мектеп жасындағы балалардың миына әсер етеді. Оны шегушілердің уақыт өте келе IQ-і төмендейді.
12. Күйзеліс. Күйзеліс кезінде ми нейрондарының байланысы төмендеп, шешім қабылдауда адасушылыққа әкеледі. Күйзеліс мидағы ең керек сұр заттың мөлшерін азайтып, есте сақтау, ақпаратты өңдеу секілді қызметтердің орындалуын тежейді.
13. Ұйықтататын, тынышталдыратын дәрі-дәрмектер. Бұл дәрілерді мөлшерден асырып қолданған жағдайда ағзаға зақым келеді. Олар адамды амнезияға әкеліп соқтырып, тіпті өз-өзіне қол жұмсатуы мүмкін.
14. Йод жетіспеушігі. Біздің ағзамызға керекті заттардың бірі – йод. Оның дүниеге келмей тұрып ағзамызда болуы өте маңызды. Жетіспеген жағдайда тек миыңыздың жұмысы ғана тежеліп қоймай, ағзаның өсуіне де әсерін тигізеді. Оның жетіспеушілігі ересек адамдардың IQ-ін төмендетеді.
15. Марихуана. Жастайынан осы секілді шөптерді пайдаланатын адамдарда нейропсихологиялық ауытқу пайда болады. Мидың жұмысын қалпына келтіру қарапайым шылым шегетін адамдарға бірден қиынға соғады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: planet.ru
Қ. Бүйенбай