- Негізгі бет
- Психология
- Біз өзімізді өзгерте...
Біз өзімізді өзгерте аламыз...
Әрбір сәтсіздік үшін қиналып, уайымға беріле бермей өзіміз үшін адал болайық... «Бұл мүмкін, - дейді Варвара Сидорова. – Әрбір өзгерісті өзіміз үшін пайдалы ете аламыз».
Психотерапияның көмегі
«Ажырасып, отбасыдан кетіп қалу?.. Жоқ, бұл бассыздық». «Жұмыстан кету? Қазір? Мен бұған дайын емеспін». Қандай да бір өзгеріс бізді шошындырады. Бірақ бастығыңыздың бассыздықтары мен қас-қабағына қарап жүре беру қаншалықты дұрыс? Ал құрмет пен сыйластығы жоқ отбасыны көзсіз ерлікке балап, сақтап қалу ше?
«Біз әрқашан өзгерісте боламыз: есейеміз, дамимыз, қандай да бір жағдайда өз болмысымызды ашамыз, жаңа тәжірибе аламыз – және біздің өміріміз де бізбен бірге өзгеруі керек, - дейді Варвара Сидорова. – Сондықтан да бастапқы кезде ұнаған жағдайды ұстап қалуға тырыспау керек. Өзгерісті пайдалы ету үшін қазіргі жағдайда бізге не ұнайтынын анықтауымыз қажет». Бастысы – қуат пен қаражат, әрекет жасау үшін: өзіңді өзгертіп қалпында қалу немесе жағдайды өзгертіп кетіп қалу.
Дәл осында психотерапияның көмегі қандай болуы мүмкін? Бұл өзіміздің іштей дамуымыздың не себепті тоқтап қалғандығын, шын мәнінде не қалайтынымызды және армандарыңызды орындау үшін нендей іс-әрекет жасауымыз керектігін анықтап береді.
Өз қалауыңызды анықтау
Сіз таңғы асыңызды іштіңіз, таңғы серуенде көршілеріңізбен амандастыңыз, балаларыңызды балабақшаға апардыңыз, жұмысқа келдіңіз, үзілісте ата-анаңыз бен досыңызға хабарластыңыз. Бәрі де қалыпты. Енді айтыңыз, өміріңізді осы уақытта қанша рет жақсы етіп көрсеттіңіз, мейлі жұмыста болсын, мейлі жеке өміріңізде болсын. Біздің өміріміз керемет немесе ұнамсыз екенін сырт көзге көрсету мәнсіз. Жағдайдың қиын екенін біле тұра, біз іштей ғана саналы түрде ұйғарым жасаймыз. Себебі жағдайды шешу үшін ашық түрде іс-әрекет жасаудан қорқамыз, оның белгілі бір бөлшегін өз жағдайыңызды шешуге деген талпыныстың жоқтығы болады. Бір жағдаяттың шешілмей, тек белгілі бір уақытқа ысырылып қойылуы стреске айналуы мүмкін екенін естен әсте де шығаруға болмайды. Бізге өмірлік жолдасымызбен бірге болу ұнамаса да, оған үйреніп кеттік, ескі жұмыс көңілімізден шықпайды, ал жаңа жұмыс іздеу – тым әурелену...
Алайда егер біз осы бір қиын жағдаяттар орманынан шығар жол тапқымыз келсе, жағдайдың қиын екенін айтып, сыртқа шығаруымыз, мойындауымыз дұрыс. Бұл жаңа өзгерістерге мүмкіндік береді.
«Басқа да маңызды белгі – біздің қалауымыз бен қиялымыз, олар әрқашан да жүруіміз керек бағытты анықтайды, - дейді Варвара Сидорова. – Ал қиялымыздың артында не тұрғанын психотерапияның түрлі әдістері мен бағыттары анықтап бермек».
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com
А. Құлтай