Кейде біз өзімізді бір ғана адамға қажетсіз сезінгенде, «Мен ешкімге де керек емеспін» дейміз.
Біз біреудің дауысын естігіміз келмегенін айтуға ұялған кезде, «Қоңырауға жауап беретін уақытым болмады» дейміз.
Бізге қоғамның көзқарасы, жұрттың не ойлайтыны маңызды емес. Бірақ үнемі жанымыздағылардан: «Қалай болып тұрмын?» деп сұраймыз.
«Сен өте жақсы доссың» деген сөзді айта аламыз да, «Бірақ мен үшін өмірдегі орның одан да жоғары болғанын қалар едім» дегенді қосып айта алмай, іштен тынамыз...
Көп сөйлейміз де, тілімізде айтылмаған үш сөз қалған кезде, ернімізді тістеп, төмен қарап, үнсіз қаламыз...
Әлдекімге жанасқымыз келгенде, «Бұл жер суық, тоңып кеттім» дейміз.
Өмір керемет екенін айтамыз да, дүкенге барып бақыт гормондарымызды толықтыратын нәрселер сатып аламыз.
«Сені сүйемін» деген сөзді айта алмаған кезде, «Өмірде бар болғаныңа рақмет» дейміз.
Біреуден қалағанымызды ала алмаған сәтте, «Маған енді сенен ештеңе керек емес» дейміз.
Жай ғана ойыншық болып қалудан қорыққан кезде, «Мен саған сенемін» дейміз.
Сағатқа қарағымыз келмеген кезде «Мәңгілікке» деп айтамыз.
Өзгелер ойымызды өзгерткенін қаласақ, «Ары қарай өмір сүрудің мәні жоқ» дейміз.
Татуласатын өзге амал қалмағанда, «Бұл – маңызды емес» дейміз.
Біз жалғыздықты жақсы көреміз, ал телефонды қолда қатты қысып ұстап жатамыз...
...Біз өзі қызықпыз!