Біз осылай өмір сүреміз

Біз осылай өмір сүреміз

Өмір мен сезім туралы 5 қысқа оқиғаны ұсынғалы отырмын. Таңданбасқа амал жоқ. Шынында да, біз осылай өмір сүреді екенбіз.

* * * *

1. Сенім туралы

Бір жолы бүкіл ауыл тұрғындары жаңбыр жаууын бірігіп тілемекші болды. Белгіленген күні жұртшылық орталыққа бағыт алды... Бірақ, бір ғана бала өзімен бірге қолшатыр ала шықты. Сенім деп осыны айтады.  

* * * *

2. Сену туралы 

Кішкентай баламен ойнап жатып, төбеге лақтырғанда, ол мәз болып күледі. Өйткені, ол сіздің ұстап алатыныңызды біледі. Сену деп осыны айтады. 

* * * *

3. Үміт туралы

Әр күні кешкісін таңертең тұратынымызға еш кепілдіксіз ұйқыға кетеміз. Бірақ, еш нәрсеге, ештеңеге қарамастан, қай жолғыдай оятқышты (будильник) іске қосамыз. Үміт деп осыны айтады. 

* * * *

4. Сенімділік туралы

Ақиқат өмірде жоқтығына қарамастан, әр күн сайын болашаққа жоспар жасап жатамыз. Осыны сенімділік деп айтады.

* * * *

5. Үлкен сенімділік туралы

Әр күн сайын жан-жағымыздағы адамдардың азап шегіп жатқанын, жан-жағымыздағы мыңдаған адамдардың бір-біріне себебі жоқ ауырлықтар түсіріп жатқанын көреміз. Дәл осы іспетті қателіктерден ертелі-кеш өзіміздің де қашып құтыла алмасымызды түсінеміз... Соған қарамастан, не орын алып жатпасын, бәрібір де - үйленеміз!

сурет:blakc.ltalk.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига