- Негізгі бет
- Психология
- Біз неге барлығын...
Біз неге барлығын түсіндіреміз?
Сабағым басқалар өте жақсы оқитындықтан нашарлап кетті, жолым болмағандықтан жұмысқа орналаса алмадым, жерді тасбақалар көтеріп тұрғандықтан құламады. Барлық уақытта адамдардың әрекетін табиғаттың тылсым күшімен байланыстыруға тырысамыз. Тіпті жануарлар үшін де ойланып қоямыз. Шындықты не себепті дәл осындай жалған түсіндірмелермен алмастырамыз?
Біз болып жатқан процесті жоққа шығарамыз. Әлемді басқару және оның болашақтағы тағдырын болжау мүмкін емес. Қоғамдық көлікте кондуктордың не себепті ұрысқанын, тұтынушыңыздың кездесуге не себепті келмегенін, немесе енеңіздің қонаққа келіп, қандай мақсатпен 2 апта бойы тұрақтап қалғанын еш уақытта біле алмайсыз. Бірақ оның келесідегідей түсініктемесін тапқан кезде жеңілдеп қаламыз: Кондуктордың ұйқысы қанбады, тұтынушыңыз ұйықтап қалды, ал енеңіз... Өзіңіз ойлап таба бермеңіз, жоғарыдағы форумға кірсеңіз, өзгелері ондаған нұсқаны ұсынады.
Психолог маманның айтуынша, осылайша болашақ пен өткенді болжап, қауқарсыздығымыздан арыламыз. Айналадағының барлығы түсінікті болып, тағдырдың тосын сыйы болмайтындай көрінеді. Тіпті, біздің қалжыңдап айтатын түсініктемелеріміз адамның көңіл күйін көтереді. Мысалы, бүгін не себепті жаңбыр жаумады екен? Себебі, мен екі қолшатыр алып шықпадым ғой, әрі сөмкем де жеңіл. Шынымды айтсам, мұндай жағдай менде жиі болып тұрады. Жылы киім киіп, қолшатырымды сөмкеме салып шыққанымда күннің ысып кететін әдеті бар))
Дұрыс әрекетті таңдауда қиналамыз. Көп ғашықтар үнсіздік пен жанжал арасында жанжалды таңдайды. Осылай жасағандары дұрыс! Себебі өзіміздің сәтсіздігіміздің себебін, өзгелердің бізге не себепті ренжігенін білмеген кезде арадағы қарым-қатынасты ретке келтіру мүмкін емес. Осыған байланысты мамандар: «Ұрсысудан қашу арқылы түсінбестікке жолығамыз. Біз қандай әрекетті жасау керектігін білмегендіктен, арамызда көзге көрінбейтін кереге пайда болады», - дейді. Яғни қосымша ақпарат керек. Неге? Мен не нәрсені дұрыс жасамадым? Әңгімелесушіміз сенуге тұрарлық жауап берсе жақсы болар еді. Олай етпеген жағдайда оны өзіміз іздеуге мәжбүр боламыз. Оны таппаған соң артынша психолог, астролог, құрбымыз сынды мамандарға жолығамыз.
Жалғасы бар...
Сурет: вк желісінен
Қ. Бүйенбай