Әлемде не боп жатқанынан хабары болса да, оған ләм-мим деп назар аудармайтын жандар болады. Барлық стресстер мен хаос олардың көлеңкесіндей боп қана өтіп кетеді. Сонда біз қандай қателік жасаймыз? Олар неге бақытты, ал біз неге сонша бақытсызбыз?
Ендігіде, Олардың өмір сүру тәсілін біле жүрейік!
Олар әрдайым санға емес, сапаға жұмыс істейді
Мұндай адамдар кішкентай ғана әлсіздіктеріне мән бермейді, көп жағдайда өзіне пайдалы тұстарды ғана қарастырады. Бастапқыда қиындау, күрмеуі қиын мәселелердің шешімін табады да, ал кейін, бос уақыты қалғанда кішігірім проблемаларды шешуге тырысады. Бұл әдіс оларға тым ауыр болып үйіп-төгілетін мәселелерден оңай құтылуға мүмкіндік береді.
Олар бәрінен бұрын өз денсаулығын ойлайды
Мінсіздікке ұмтылатын адамдар көңіл-күйінің нашар екенін түсінсе, уақыт өткен сайын өздерінің ештеңеге де қол жеткізе алмайтынына көз жеткізеді. Сондықтан да басты орынға денсаулығы мен амандығын қояды: әрқашан спортпен айналысады, сапалы тамақ ішеді және тыныштықта жасалатын жұмысты таңдайды. Бұл оларға өнімді еңбек етуге көмектеседі.
Өздерінің күшті және әлсіз тұстарын біледі
Әркімде де жақсы және жаман қасиеттер болады. Ал көп адам оларды үлкен проблема етіп жатады. Ал ақылдылар өз қасиеттерін толықтай біліп және оған мойынсұнып, әрмен қарай жүре береді. Егер әлсіз тұстарыңызға назар салмасаңыз мықты бола түсесіз. Бұл арқылы сіз өз абыройыңыз бен құныңызды түсірмейсіз.
Өз инстинтктеріне сенеді
Жолы болғыш адамдар бірінші кезекте өзіне сенеді. Өзгелердің не айтатыны, не қалайтыны оларға екінші кезекте тұрады.
Өзіне жоғары тапсырма қояды
Олар өздеріне жоғары мақсаттар қояды және оны іске асырудың қиынға соғатынын сезіп-біледі. Десе де істі барынша мінсіз етіп орындауға тырысады.
Оларда мақсат болады
Жолы болған адамдар өзіне не қажет екенін ұғады. Олар өз өмірлерінің қандай болатынын біледі, сондықтан кішігірім сәтсіздіктер мен қуаныштарға бас ауыртпайды. Ақша көбейіп кетсе, бұған таңғалмайды. Себебі олар өздерінің бұл жетістікке жететінін әлдеқашан-ақ болжап, мақсат етіп қойып алған.
Шығармашылықты алдыңғы қатарға қояды
Мықты адамдар (Олар) ақшасыз қалудан қорықпайды немесе бір тілім нан үшін көше кезіп нәпақа іздеп кетпейді. Олар өздеріне қызықсыз жұмысқа кіріспейді. Кедейлік қаупі оларға тек мотивация бола алады.
Мақсаттары ақылғы қонымды болады
Олар тек ақылға сиятын жоспарлар құрады. Олардың іс-жұмыс жоспарында демалуға, кофе ішуге, тамақтануға уақыт қарастырылған. Олар өз денсаулықтарын ойлайды, сол үшін де аш-жалаңаш жүріп іс тындырмайды.
Істерін тиянақты етіп жасайды
Сәтті адамдар тым көп мақсат қоюдың ешбір нәтижеге жеткізбейтінін біледі.
Олар әрқашан түзелу жолында болады
Сәттілікке апарар жол біреу деп ойламау керек. Олар мұны біліп, әрқашан да дұрыс жолды таңдау үстінде жүреді. Іс-әрекет олардың өмірі.
Өз дарынына сенеді
Мінсіз адам өзіне, өз бойындағы дарынына кәміл сенеді. Бұл сенім олардың жетер жетістігіне серіппе болады.
Міне, бұл адамдар біздің арамызда жүр. Олар азаймайды, керісінше көбейе береді. Сондықтан, Оларды қызғанудан бұрын, оларға ұқсауға тырысайық.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: subscribe.ru