Бүгін біз әлеуметтік желілерде жайылған махаббат пен өмір турасындағы үздік ойлармен бөліспекпіз.
Жігіттің түрі ғана емес, қылығы да тартымды болуы керек.
Сымбатты әйел тек дене бітімі мен келбетімен ғана өлшенбейді. Оның ішкі жан-дүниесі мен талғамы да биік болуы керек.
Жігіттер қыздарға үнемі шоколад сыйлайды да, "семіріп кеттің" деп миын жейді. Одан да бриллиант сыйламай ма?.. Сонда жарқылдап жүруші едік.
Жанның емшісі – жағымды да, ыстық лебіз есту...
Біздің уақытымыз күтумен және асығумен ғана өтіп жатыр...
"Сұлулық әлемді құтқарады" дейді. Қазақтың қыздары бүкіл әлемді қандай да күштен құтқаруға әзір.
Аруды бақытты ете алмасаң, оны басқа біреу де жасай алады. Жолыңды бер!
Жұдырықтай жүректегі мұхиттай сезімде бақыт кемесімен тек екі адам ғана жүзе алады.
Егер таңертең басың ауырса, түнімен жүрегіңнің ауырып шыққаны...
Егер өмір бойы өкінбестей ғұмыр кешкің келсе, тұрмысқа шығар алдында кімге шығарыңды жақсылап ойла! Кімге? Ол кім?
Ақылды арудың жеке өміріне тек бір ғана жігіттің қатысы бар. Ал керісінше жандар жүрегін жұртқа бөліп беруге де даяр.
Біздің кімге ғашық боларымызды сұлулық емес, махаббат шешеді.
Барлық нәрсені түсіндіруге болады, бірақ оны барлығы бірдей түсіне білмейді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: mail.ru