Оксфорд университетінің зерттеушілері осы мәселеге толық тоқталып өтті. Олар адам әр ғашық болған сайын оның жанындағы жандарға бұл қалай әсер ететіндігін зерттемек болып, біраз адамға сауалнама жүргізді.
"Сіздің қанша жақын досыңыз бар?" деген сұраққа көбісі "бес" деп жауап берген. Ал жақында ғана өз сүйіктісін тапқан жандар сол сыңарын қоса санағанда, осы сұраққа "төрт" деп жауап береді. Ғалымдар осыдан қорытынды шығармау мүмкін еместігін айтып, бір шешімді нақытылайды. Олардың айтуынша, адам ғашық болған сайын өзінің ең жақын екі досынан айырылады.
Кейбірінің "жақын достарының" арасында күн сайын көретін достары ғана емес, аптасына, не айына бір көрісетін жақындары да бар екен.
Сондықтан, өзіңіздің сүйгеніңізді тапқанда екі досыңызды жоғалту қаупі төніп тұрғанын естеріңізде сақтағайсыздар!
Айтпағым - "достар" бір-біріне залалын тигізбей, орта толтырсын!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
сурет: yvision.kz