Бүгінде психологтар кез келген нәрседен тек жақсылық көруге үгіттеп, барлық мәселені оптимистік көзқарас арқылы жеңуге болады деп сендіреді. Бірақ кейде шектен тыс оптимизм де адамның психикалық жағдайының көрсеткіші болуы әбден мүмкін.
Бұрыс оптимизм кезінде адам өмірдегі бар жағдайды тек жақсылыққа балап, мәселелерді саналы түрде байқамайды.
Бұрыс оптимизнен бөлек адам санасына не әсер етеді?
Оптимист болған жерде пессимисттер де болады. Одан бөлек, скептик (бәріне күмән келтіруші) адамдар да болады. Олардың өмірге деген көзқарасы жабыраңқы. Олар шабыт сыйлаудың орнына, оны бұзады, болған нәрсе болды, оны өзгертудің жолы жоқ деп қабылдайды. Аяққа тұсау болып, адамзаттың дамуына кері әсер етеді.
Екі жағдайдан шығатын жалғыз қорытынды дені сау адамның жағдайы рационализммен көрсетілуі тиіс. Яғни адам мәселе мен төнген қауіпті сезіне білуі керек, одан бөлек одан шығатын жолды да іздей алуы керек.
Адам қалай оптимист немесе пессимист болады?
Қоршаған ортадан ақпарат алып, оны өңдеп, тиімді шешім қабылдайтын адам миын әдетте компьютермен салыстырады: 1 + 1 = 2. Бірақ, компьютер жұмысы бір ғана әрі нақты шешіммен аяқталады, ал адам санасы басқаша жұмыс істейді: дұрыс не бұрыс шешім қабылдайтын санадан бөлек, адамда эмоцияларға жауапты эндокринді жүйе жұмыс істейді. Ақпарат миға жеткен кезде ағзада не позитивті (серотонин, окситоцин, эндорфин гормондары), не негативті (адреналин кортизол) әлемді қабылдау гормондар бөлініп, сәйкесінше әлемді сол түсте қабылдайды.
Депрессия деген не?
Бұның ауру екенін есте сақтаған жөн. Қоғамда уақытша не маусыммен болатын нашар көңіл-күй – апатия мен жылдар бойына созылатын күйзелісті жиі шатастырады. Күйзеліс – серотонин гормонының ағзада жетіспеуі, яғни өзге де гормонды жетіспеушілік түрлері сияқты бұл да емделуді қажет ететін ауру түрі.
Адам өз эмоциясын басқара ала ма?
Бұл адамның өзінің жеке тәжірибесі мен өмірлік дағдыларына байланысты: егер адамның жолы болғыш, жетістікке жеткен болса, онда олардың оптимист болуға деген мүмкіндігі жоғарырақ. Адамның өмірлік тәжірибесі – оның алғашқы ұстазы. Екінші әсер ететін нәрсе – қоршаған орта. Үшінші – қошемет сөздер. Егер оптимист болғыңыз келсе, соған сай жағдай жасауға тура келеді: сымбатты болу, ақылды болу, күліп жүру, адамдармен сыпайы сөйлесу.
Өзін-өзі бағалау деңгейінің жоғарылату – оптимист болудың жолы. Бірақ өзгенің мақұлдауы емес, өзіңіздің құндылығыңызды ұғу бәрінен маңызды болмақ.