Бұрынғы жігітіңізді ұмытуға көмектесетін 5 кеңес
Бұрынғы жігітіңіз жайлы әлі де күнде ойлайсыз ба? Күнде оның парақшасына кіріп тексересіз және онымен бірге өткізген жақсы естеліктерді еске түсіре бересіз. Айналаңыздағы басқа адамдарға өзіңізбен танысуға мүмкіндік те бермейсіз. Ендеше, оны ұмытуға көмектесетін кеңестер ұсынамыз.
Сүйікті адамыңызды және арада болған сезімді бір күнде ұмыту мүмкін емес. Алайда қазір өміріңізде жоқ адамды ұмыту үшін және ол жайлы мүлдем ойламас үшін бірнеше қадам жасай аласыз.
1. Ашу оны ұмытуға кедергі жасайды
Кейде біреуді ұмытуға біздің жеке ашуымыз кедергі болады. Сондықтан өз-өзіңізбен сөйлесіңіз, медитация техникаларын қолданыңыз, жаттығу жасаңыз, көбірек серуендеңіз және айырылысуды өткеруге көбірек уақыт беріңіз.
2. Кінә сезімінен арылыңыз
Өткенді еске алып, өзіңізді енді өзгерте алмайтын нәрселер үшін кінәлаудың еш пайдасы жоқ. Ешкім өз әрекеті қандай салдарға әкелетінін нақты білмейді. "Жаман" нәрселер күтпеген жерден орын алады. Адамдар басқаша әрекет еткенде қазіргі болған жағдайды болдырмас едім деп ойлауға бейім келеді. Бірақ біз 5 минут бұрын болған нәрсені де, бір күн болған нәрсені де өзгерте алмаймыз. Сондықтан кінә сезімінен арылыңыз.
3. Кешіріңіз
Уайымға салынып, өзіңізді аяп, алған зақымыңызға зейін аударудың қажеті жоқ. Иә, бұл сіздің басыңыздан өтті және ол ауыр болды. Алайда егер өз-өзіңізге келіп, ол жайлы ойлауды доғарғыңыз келсе, кешіріңіз де, жіберіңіз. Бетпе-бет одан кешірім сұраудың немесе оның сізге келіп, кешірім сұрағанын күтудің қажеті жоқ. Алайда өзіңіздің ішкі жан-дүниеңіз үшін кешіру маңызды. Қайғысыз өмір сүру үшін және өткен өмірге байланып қалмас үшін кешіруіңіз керек.
4. Хобби табыңыз
Кей психологтар бұрынғы жігітіңізді ұмыту үшін күн тәртібіңізге өзгеріс енгізуге кеңес береді. Өзіңізге жаңа хобби табыңыз. Мысалы, фитнеске барыңыз. Спортпен айналысыңыз, одан тек өзіңізге сенімді бола түсіп қана қоймай, одан жағымды эмоциялар мен энергия аласыз.
5. Адамдармен араласыңыз
Көптеген қыз жігітімен айырылысқаннан кейін жалғыз қалуды жөн көреді. Алайда олайша сізді ол жайлы ойлар мазалайтын болады. Оны өткенде қалдыруыңыз керек. Адамдармен араласыңыз, достарыңызбен кездесіңіз. Бір кездері сіз үшін қымбат болған адамды ұмыту үшін шыдамдылық пен уақыт қажет екенін қабылдаңыз. Сондай-ақ ол жайлы белгі беретін және оны еске түсіретін нәрселерді әдейі іздеудің қажеті жоқ.
Өзіңді күйзелістен қорғаудың 10 жолы
А. Жапатова