Бұл 17 сөз тіркесін сөздік қорыңыздан шығарыңыз

Бұл 17 сөз тіркесін сөздік қорыңыздан шығарыңыз

Төменде біздер көп қолданатын қажетсіз, тіпті, кері әсері мол сөздер келтірілген. Өкінішке орай, оларды өте жиі пайдаланамыз. Бір қарағанда қарапайым ғана тіркестер болып көрінгенімен, шындығында сіздің эмоцияңызды, сезіміңізді, ұстанмыңызды көрсетеді.  Егер әңгімелесушіңіздің сенімінен шығып кеткіңіз келмесе, 17 сөзді сөздік қорыңыздан мүлде шығарыңыз. 

Сіздің айтатын сөздеріңіз Әңгімелесушіңіздің еститін сөздері 
   
Мммм... мынау сияқты, анау секілді... Сіз сенімсізсіз немесе не туралы айтып тұрғаныңызды білмейсіз
   
Сіз менің не айтайын деп тұрғанымды түсініп тұрсыз ба?.. Сіз айтып тұрған ақпаратқа сенімсізсіз
   
Әйелім, күйеуім, серіктесім (таныстыру мәселесіне қатысты емес) Өзінің жеке тұлға екенінен бас тарту
   
Шынымды айтсам... Сеніңізші... Қолымды жүрегіме қойып тұрып айтайын...
Ашып айтқанда... Нан ұрсын, құдай ұрсын...
Үнемі түймедейді түйедей етіп асыра сілтейтін немесе жиі өтірік айтатын адамдар осылай дейді
   
Әрине...  Сіз әңгімелесушіңізді бір нәрсеге келістіріп алайын деп тұрсыз
   
Яғни... Сіз былай жасау керексіз ғой...  Сіз әңгімелесушіңіздің айыпты немесе міндетті екенін пайдаланып, оны өз ырқыңызға көндірмексіз
   
Менің айтқанымды жаман түсініп қалмаңыз  Сіз қатал сын немесе негативті сөздер айтайын деп тұрсыз
   
Менің қарапайым ғана ойымның түйсінуінше... Сіз эгоистік сын айтайын деп тұрсыз
   
Мен олай болғанын қаламаймын... Бұл, шындығын да, сіздің нақты қалауыңыз. Мысалы, дөрекілік танытқым келмейді деген сөздерден кейін міндетті түрде дөрекілік танытатын әдетіміз бар
   
Мен тырысып көремін... Бірақ табыстан үміттенбеймін
   
Мен қолымнан келгеннің барлығын жасаймын... Бірақ менің қауқарым жетпейді
   
Құрметімді білдіре отырып... Менде сізге деген құрмет сезімі жоқ

 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай