Бітім және мінез

Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрышталып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы болады, бірақ мінезі құбылмалы келеді. Ат жақты адам ел серкесі болуға лайық келеді. Томпақ бет кісі қалжыңбас, ақжарқын келеді. Кең маңдайлы адам ақылды, тар маңдайлы адам пысық келеді. Қасы жіңішке адам кірпияз келеді. Қасы түзу адам тіл алғыш, елгезек келеді. Көзі дөңгелек адам ел сөзіне тез сенеді. Көзі қиықша адам зерек әрі ішінен қулық ойлағыш келеді. Қысық көз адам саяқ, кісі киік секілді болады. Қошқар мұрын қызба, ұрыншақ, қызу қанды адамға бітеді. Пұшық мұрын өмірде көп нәрсе талап ете бермейтін жандардың белгісі. Қусырылған мұрын ашуы тез, ызақор адамға бітеді. Жалпақ мұрын қамсыз, уайымсыз, сөзінде тұрақ жоқ жандарға бітеді. Жайын ауыз ақкөңіл, елден өзгеше көрінуді қалайтын адамға бітеді. Шүршік ауыз сараң, өзімшіл адамға бітеді. Иегі ұзын адам қырсыққа көп ұшырайды, қысқа иек адам ұшқалақ келеді. Дөңгелек жүзді адам айналасына жайдары, турашыл, еңбекқор келеді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: 163.com