- Негізгі бет
- Психология
- Бітім және мінез...
Бітім және мінез
- Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрышталып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы болады, бірақ мінезі құбылмалы келеді.
- Ат жақты адам ел серкесі болуға лайық келеді.
- Томпақ бет кісі қалжыңбас, ақжарқын келеді.
- Кең маңдайлы адам ақылды, тар маңдайлы адам пысық келеді.
- Қасы жіңішке адам кірпияз келеді.
- Қасы түзу адам тіл алғыш, елгезек келеді.
- Көзі дөңгелек адам ел сөзіне тез сенеді.
- Көзі қиықша адам зерек әрі ішінен қулық ойлағыш келеді.
- Қысық көз адам саяқ, кісі киік секілді болады.
- Қошқар мұрын қызба, ұрыншақ, қызу қанды адамға бітеді.
- Пұшық мұрын өмірде көп нәрсе талап ете бермейтін жандардың белгісі.
- Қусырылған мұрын ашуы тез, ызақор адамға бітеді.
- Жалпақ мұрын қамсыз, уайымсыз, сөзінде тұрақ жоқ жандарға бітеді.
- Жайын ауыз ақкөңіл, елден өзгеше көрінуді қалайтын адамға бітеді.
- Шүршік ауыз сараң, өзімшіл адамға бітеді.
- Иегі ұзын адам қырсыққа көп ұшырайды, қысқа иек адам ұшқалақ келеді.
- Дөңгелек жүзді адам айналасына жайдары, турашыл, еңбекқор келеді.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: 163.com
M. Auelkhan