Әр мәдениеттің өзіне тән дәстүрі мен ойлау жүйесі бар. Оны халық арасында менталитет деп атайды. Біздің еліміздің менталитетіне батыс мәдениетінің ойлау жүйесі сәйкес келмейтнін де аңғарып жатамыз. Бірақ, мәденитіміздегі өзгерістің барлығын батыс мәдениетіне еліктеушіліктен туды дегеніміз қаншалықты дұрыс? Адамдардың барлығы өзі өскен ортаға тән дәтүрлерді ұстанып, сол бойынша өмір сүреді және оны әрқашан дұрыс деп санайды. Бірақ, бір ғана мәдениетті мойындап, сонымен ғана өмір сүретін болсаңыз сіздің ойлау көкжегіңіздің дамымайтыны анық. Брюс Ли қытай философиясына қанығып ер жетеді, бірақ, ол шығыс құндылықтарын батыс мәдениетінің ерекшеліктерімен байланыструға тырысты. Брюс Ли екі қарама-қайшы мәдениеттің астарын түсіне отырып, мынандай қорытындыға келді: Адамдар белгілі бір бағыттың артынан туған жеріне байланысты немесе оны қоршаған адамдар оны дұрыс деп санайтындықтан ғана ереді. Дегенмен, бұл көп адам ұстанатын бағытқа бет бұруға болмайды дегенді білдірмейді. Тек ойланып білу керек әрі дұрыс шешім қабылдау керек. Әрбір мәдениет пен идеологияның үйретері бар: бастысы, бір ой мен бір тірлік қана бүкіл мәдениеттің болмысын білдірмейтінін есте ұстаған жөн. Өзіңізді көрсетуге тырысыңыз, еліктемеңіз! Оқу бұл жай ғана еліктеу ғана емес немесе білі алуға деген қабілеттілікпен өлшенбейді. Бұл үздіксіз ашылулар үрдісі. Оның шегі болмайды.Брюс Ли Алдымен өзіңізді түсініңіз, сол кезде өзіңіздің қолыңыздан не келетінін аңғаратын боласыз. Содан кейін ғана сіз үшін маңызды бағытта дами түсесіз. Кез келген даму үрдісі бастапқы деңгей сіз кімсіз және сіз нені дұрыс санайсыз деген ойдан басталады. Бастысы өзге біреу болуға тырыпаңыз. Адамдар өздеріне шабыт беретін, үлгі көрсететін адамдарға еліктейміз деп оларды толықтай көшіріп алуға тырысады. Әрине, пайдалы болу мүмкін. Бірақ, біз өзімізге тән ерекшеліктерді жоғалтып аламыз. Бұл Брюс Лидің өмірлің сабақтары нәтижесінде жасаған қорытынды ойы. Сіз мұнымен қаншалықты келісесіз?