Көпшілік адам өзіне ұнайтын адамды жолықтырған кезде оның қандай екенін бірден білгісі келеді. Бірақ психологтар ол үшін әркез уақыт керегін айтады. Десе де, бірінші кездесуде-ақ байқалатын белгілер бар. Психолог Надежда Боярскова бірінші кездесудегі мына белгілер ер адамды алаңдату керегін айтты.
1. Қыз бұрынғы жігітіне шағымданды немесе оған тіл тигізді;
2. Қыз бір рет болсын ұзақ қатынаста (6 айдан бастап) болмаған. Ол ұзақ қатынаста бола алмайтын болып шығуы мүмкін;
3. Ол сіздің барлық сөзіңізге келісе береді. Бұл оның қатты тырысып отқанын көрсетуі мүмкін;
4. Сіздер сөйлеп отырсыздар, бірақ бір-біріңізді тыңдай алмайсыздар. Немесе ортақ тақырып табылмады;
5. Ол келесі кездесуге тек нақты бір сыйлықтан кейін келетінін айтты. Бұл қарым-қатынастың емес, мәміленің белгісі.
"Егер қарым-қатынастың басында белгісіздік көп болса, оны өзгертетін жалғыз нәрсе - сөйлесу. Егер басында сөйлесуді бастамаңыз, кейін оның мүмкін емес болу ықтималдылығы жоғары. Серігіңіздің қасында өзіңізді жайбарақат сезініп, күш пайда болу керек", - деді психолог.