- Негізгі бет
- Психология
- Бірінші кездесуде әйелдің...
Бірінші кездесуде әйелдің қандай әрекеттері алаңдатуы керек? Психолог жауап берді
Көпшілік адам өзіне ұнайтын адамды жолықтырған кезде оның қандай екенін бірден білгісі келеді. Бірақ психологтар ол үшін әркез уақыт керегін айтады. Десе де, бірінші кездесуде-ақ байқалатын белгілер бар. Психолог Надежда Боярскова бірінші кездесудегі мына белгілер ер адамды алаңдату керегін айтты.
1. Қыз бұрынғы жігітіне шағымданды немесе оған тіл тигізді;
2. Қыз бір рет болсын ұзақ қатынаста (6 айдан бастап) болмаған. Ол ұзақ қатынаста бола алмайтын болып шығуы мүмкін;
3. Ол сіздің барлық сөзіңізге келісе береді. Бұл оның қатты тырысып отқанын көрсетуі мүмкін;
4. Сіздер сөйлеп отырсыздар, бірақ бір-біріңізді тыңдай алмайсыздар. Немесе ортақ тақырып табылмады;
5. Ол келесі кездесуге тек нақты бір сыйлықтан кейін келетінін айтты. Бұл қарым-қатынастың емес, мәміленің белгісі.
А. Жапатова"Егер қарым-қатынастың басында белгісіздік көп болса, оны өзгертетін жалғыз нәрсе - сөйлесу. Егер басында сөйлесуді бастамаңыз, кейін оның мүмкін емес болу ықтималдылығы жоғары. Серігіңіздің қасында өзіңізді жайбарақат сезініп, күш пайда болу керек", - деді психолог.