Махаббат — ең күрделі және жан-жақты сезімдердің бірі. Көптеген адам махаббатты іздеумен жүреді. Дегенмен, іздегендей олардың басым бөлігі сүйіп білмейді. Өзгені жақсы көре алмайтын адамның да шынайы махаббатты сезінуі қиын. Бүгін сүйіп білмейтін адамға тән 5 қабілетті көрсететін боламыз.
Өзгені сол күйінде қабылдамау
Өзгертуге тырысу — махаббат емес. Сүйіп білетін адам өзгені барлық артықшылығымен де, кемшілігімен де қабылдайды. Егер оның болмысын өзгертуге тырысып, оны қыспаққа ала бастасаңыз сіз шынайы жақсы көрмейсіз. Бар болғаны сезімнің артына тығылып, өз билігіңізді жүргізгіңіз келеді.
Ашыла алмау
Махаббат ашықтық пен адалдықты қажет етеді. Егер сіз басқа адамның алдында ашылып, оған шындықты, ішіндегіні айта алмасаңыз, онда сізге біреуді жақсы көру қиын.
Кешіре алмау
Махаббат — басқа адамды кешіре білу. Кешіру — өткенді жібере білу ғана емес, сонымен қатар алға ұмтылуға және қарым-қатынаста жұмыс істеуге дайын болу. Егер ол қолыңыздан келмесе, қарым-қатынас құру сізге қиындайды.
Шыдамдылық танытпау
Сүйіспеншілік шыдамдылық пен басқа адамға құрмет көрсетуді талап етеді. Егер сіз шыдамды бола алмасаңыз және қарым-қатынас та бір сәттің реттелгенін күте алмасаңыз, онда сізге біреуді жақсы көру қиын. Шыдамдылық — басқа адамға уақыт, кеңістік және еркіндік беру қабілеті.
Тыңдау алмау
Махаббат басқа адамға назар аударуды және тыңдауды қажет етеді. Егер сіз басқаларды тыңдап, оларды түсіне алмасаңыз қарым-қатынас құруда үлкен мәселелер туындайды. Тыңдау тек сөздерді есту қабілеті ғана емес, сонымен қатар басқа адамның сезімдері мен эмоцияларын түсіну екенін ұмытаңыз.