- Негізгі бет
- Психология
- Бірегейсіз бе? (психологиялық...
Бірегейсіз бе? (психологиялық тест)
Бұл қызықты тест сіздің тұлғалық болмысыңызды ашуға көмектеседі. Тіпті оны өзіңіз де білмеуіңіз мүмкін. Сізге бар-жоғы суретке қарап, қай бейне қыз балаға ұқсайтынын анықтау қажет. Мұқият қараңыз, себебі таңдауыңыз сіз туралы хабар береді. Бір шешімге келдіңіз бе? Олай болса, сипаттамасын оқиық.
1. Адамдардың 30% осы бейнені таңдайды. Сіз өте позитивті, еркіндікті жақсы көретін адамсыз. Ешкімге сізді еркіне бағындыруға жол бермейсіз. Әлдебір шеңбер ішінде ұстағысы келетіндерге де, пікірін мойындатқысы келетіндерге де ырық бермейсіз. Бұл сізге еркін де кең тыныстауға, өмірден ләззат алуға толық мүмкіндік береді. Сіздің бойыңызда басшылық, ұйымдастырушылық қасиеттері де бар. Қаласаңыз, ең жақсы жетекші бола аласыз. Араласатын достарыңыз да өзіңіз секілді оптимист, мәселені мәселе екен деп қарамайды. Мақсатына жету үшін қолдан келгеннің бәрін істейді.
2. Сіз – тұнып тұрған қазынасыз. Мұндай ерекше жаратылған жандар әлемде сирек кездеседі. Достарыңыз ең бастысы адал әрі сенімді болғанын тілейсіз. Көрінгенге сенім білдіре бермейсіз. Көпшілігі сізбен жақын араласып, дос болғысы келеді, бірақ сіз оған оңайлықпен көндіге қоймайсыз. Бір кездескен адамға жан дүниеңізді ақтарып салатын адамдар қатарынан емессіз. Сізге өзіңізге деген сенімділікті арттырып, қанатыңызды кеңінен жайып, еркін қалықтау керек. Тағдырыңыз болар «өз адамыңыз» кездесуіне аз қалды.
3. Тәжірибеге қатысқан адамдардың 50% таңдауы осы мүсінге түседі. Сіз – отырыстың жаны мен жүрегісіз. Кез келген ортаны толтырып жібересіз. Соқыр тәуекелге жиі барасыз. Саяхаттауды жақсы көресіз. Өміріңізді шым-шытырық оқиғаларсыз елестете алмайсыз. Уақыт өте келе салмақты адамға айналып барасыз. Адамдар сізге арқа сүйей алады, олар да осыны түсінді. Отбасы құрған кезде «тынық арал» боласыз, яғни сабырлы, байсалды қалпыңызбен кез келген түйінді оңды шешіп отырасыз.
@. @assel_assanova