Адамдар бір-бірінен шашының, көзінің және терісінің түсімен өзгешеленеді. Содан соң киімнің, бояудың, тұрмыстық бұйымдардың түсіне құмарлық пайда болады. Адамның түске деген құмарлығы әрине оның имиджіне, өмір сүру мәнеріне және эстетикасына байланысты. Мұнымен қатар, адамның энергиялық құрылымына да байланысты. Біз қазір физиканы қарастырмаймыз, көзге көрінбейтін адам энергетикасы туралы айтып отырмыз. Адам денесінде әртүрлі деңгейдегі энергияны қабылдайтын, жинайтын және өзгертетін қуат орталықтары болады. Ондай орталықтардың 7 негізгі түрі бар. Олардың әрбіреуі өз түсіне боялған. Осыған байланысты, бір түске деген құмарлық адамның қуат орталықтарында белгілі бір ақаудың бар екенін білдіреді.
Назарларыңызға шағын тест ұсынамын. Оның көмегімен өзіңізге қандай қуат түрі жетіспейтінін анықтай аласыз.
Айналаңызға зер салыңыз. Үйіңізді, заттарыңызды, киімдеріңізді дұрыстап қарап шығыңыз. Бағалаңыз. Басым түс байқалды ма? Мүмкін, әртүрлі уақытта сатып алынған немесе әртүрлі заттардың түсі бірдей шығар. Яғни өзіңізді тартатын түсті анықтаңыз. Бұл жерде айта кететін жағдай, ол түс сізге жай ғана ұнап қоймай, сіздің өміріңізде көп болуы қажет.
Егер айналаңыздағы заттарда басым түс болмаса, сіздің қуат орталықтарыңыз қалыпты деңгейде болғаны. Егер айналаңызда басым түс болса, сол түстердің нені білдіретінін біліп алыңыз.
Қызыл. Өмірлік энергияның, күштің және тұрақтылықтың түсі. Егер қызыл түске құмарлық танытсаңыз, ол мынаны білдіруі мүмкін:
- тірек және демеу жетіспейді;
- алаңдау, сенімсіздік, өзіңізді қауіпсіздікте сезінбеу;
- қорқыныш сезімі.
Қызыл түс жылулықпен, отпен сәйкестендіріледі. Сәйкесінше өз өміріне қызыл түсті тартатын адамдар, жан жылуын қажет етіп, өзін қорғаныста сезінгісі келеді.
Сезімдік көрсеткіші: ренжу, қорқу, алаңдау, тұйықтық.
Физикалық көрсеткіші: арқасының, омыртқасының, бүйрек безінің төменгі жағының ауыруы.
Қызғылт сары. Сезім, әсер, сүйсінушілік түсі. Егер адамды қызғылт сары түске тартса:
- ондай адам жаңа әсерлерді, сезімді қажет етеді;
- көңіл көтеру, ойын-сауықты қажет етеді.
Сезімдік көрсеткіші: ашуланшақтық, ызаға тез салыну.
Физикалық көрсеткіші: іштің төменгі бөлігінің ауыруы.
Сары. Қоғаммен байланыс орнату, өсу, адамның қоғамдағы орнын көрсететін түс. Сіздің өміріңізде сары түс басым болса, сіз төмендегі берілгендерді қажет етуіңіз мүмкін:
- қоғамдағы рөліңізді орнықтыру;
- өз-өзіңізді бақылау, жетілдіруді қажет ету;
- болашақтағы нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтауды қажет ету.
Сезімдік көрсеткіші: өзінің көзқарасын дәлелдеу, өзін қарыздар, кінәлі сезіну.
Физикалық көрсеткіші: ас қорыту ағзаларының ауыруы.
Жасыл және алқызыл. Сезімталдық, махаббат, реніш сынды сезімдерді бейнелейтін түс. Егер қазіргі жағдайда сіздің басым түсіңіз осылардың біреуі болса, мыналарға мән беріңіз:
- ренжу және аяушылық;
- адам барлығын жүрегіне жақын қабылдайды, ой елегінен өткізеді, аяныш білдіреді;
- сүю және сүйікті болуды қажет етеді.
Сезімдік көрсеткіші: басым сезімталдық, басқа адамдардың сәтсіздігі үшін өзін кінәлі сезіну, махаббатқа тәуелділік, жұпты болуға қажеттілік.
Физикалық көрсеткіші: жүрек-тамыр жүйесінің ауыруы, әлсіз иммунитет.
Жалғасы бар...
Сурет: www.psychologos.ru
Оқи отырыңыз:
Түс ерекшеліктері туралы жалпы мағлұмат
Түс пен мінез
Түстер психологиясы