- Негізгі бет
- Психология
- Бір шыны сүт...
Бір шыны сүт
Ол бір жетім бала еді. Үнемі қаланы айналып, ұсақ-түйек бұйымдар сатып, ішер асын тауып жүретін. Бүгіндікке ол ештеңе сата алған жоқ. Аштықтан бұралып бара жатып, өз-өзіне: «Келесі есігін қағар үйден аздап жейтін нәрсе сұрайын» деп ойлады. Есікті бір жас әйел ашты. Ұяттан қызарып кеткен ол бір шыны су сұрауға зорға дәрмені жетті. Келіншек балаға қарап, оның қарнының аш екенін сезе қойды да, бір шыны сүт әкеліп берді. Рақмет айтып, сүтті сарқа ішкен бала «Қанша төлейін?» деді қызарақтап. Еріксіз күліп жіберген келіншек, «Тегін! Шешем бізге жасаған жақсылығың үшін ақы алмауды үйреткен».
Арада ұзақ жылдар өткен соң егде тартқан сол мейірімді келіншек ауыр дертке шалдығады. Дәрігерлер емдей алмағандықтан, оны үлкен қаладағы аты әйгілі емханаға ауыстырады. Бұл емханада оған мейірімді жас маман қарайласады. Және емдеу тек сол маманның ғана қолынан келетін болып шығады. Ол бұл әйелдің дертін бар күшімен зерттеуге кіріседі. Және өте жақсы өнімге ие болып, ақыры емдеп жазады. Дегенмен, бұл әйелдің емханаға төлейтін ақшасы да жоқ еді. Емханадан шығарда дәрігер әдеттегідей оған емханада жату ақысының есеп талонын жіберіп береді.
Емхана күтушісі есеп талонын әкеліп бергенде, бар уайымы емделу ақысын қалай төлеуде қалған байғұс әйел, қолы дірілдеп зорға алды. Есеп дәптерінің үстіндегі бір сөйлем хатты көрген әйелдің көзіне еріксіз жас үйіріледі, дәптерде:
«Емделу ақысы – бір шыны сүт!» деп жазылған еді.
Емханадағы жас маман – өткен жылдардағы бір шыны сүтке зар болған кедей бала, кейінгі жылдары аты әлемге танымал, әйгілі америкалық дәрігер Ховард Келли болатын.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: liveinternet.ru
Қ. Қауымбек