Мақсатқа жетуде бір кедергіге жолықсаңыз, салыңыз суға кетіп, жоспарыңызды жарты жолда тастауға болмайды. Керісінше, қиындықтан қашып құтылудың жолын іздеу керек. Мына кеңестерге құлақ түріп, өзіңізді қайрап алыңыз.
1. Мақсатыңызды параққа жазып отырыңыз. Параққа жазылмаған мақсатты болашағы жоқ жоспар деп түсініңіз.
2. Алдыңызға қойған жоспарды нақтылаңыз. Мысалы, не, қашан, қайда және қалай деген сұрақтардың жауабын іздеңіз.
3. Мақсатыңыздың орындалу уақытын да белгілеңіз. Мына күнге дейін бітіруім керек деп, дәл мезгілін анықтаңыз. Уақыты шегеленбеген мақсат – орындалмайтын арман.
4. Мақсатыңыз сізден басқа тағы кімге пайдасы тиюі мүмкін? Осыны да ойлап қойыңыз. Өзіңізді ғана емес, ортаңызды да ойлаңыз.
5. «Жасай аламын», «қолымнан келеді» деп өз-өзіңізді қайрап отырыңыз.
6. Мақсатқа жету үшін «сценарий» құрып, өз жоспарыңыздың тарауларын белгілеңіз.
7. Мақсат жету жолында жасаған барлық іс-әрекетіңіздің жауапкершілігін сезініңіз.
8. Кішкентай жетістіктеріңізді бағалаңыз. Мақсатқа жету жетістіктен басталады.
9. Бір мақсатқа жету – құрған жопсарларыңыздың бір тарауы. Осыны ұмытпаңыз!