- Негізгі бет
- Психология
- Бір күнмен өмір...
Бір күнмен өмір сүру пайдалы
Иә, ертеңіңіздің әуре-сарсаңын ұмытып, бүгініңізбен өмір сүрсеңіз жұмыс жасау, еске сақтау, адамдармен жақсы байланыс жасау қабілеттеріңіз дамиды екен.
Адам баласы өткенімен, ертеңімен, ондағы қиын-қыстау өмір мен келер күннің уайым-қайғысын еске алып, бұл туралы жиі ойлайды. Осы әурелермен жүріп, бүгінімізді, дәл осы сәтті сезініп, пайдалана алмайтынымыз өкінішті.
Майкл Мразек атты психолог «ойлар адасуы» өмірдің әрбір сәтінде-ақ бола береді. Бірақ адам белгілі бір мәселені шешу кезінде дәл осы «ойлар адасуы» оған үлкен кедергі болады-мыс.
Калифорния университетінің зерттеушілері Санта-Барбара қаласында 48 студенттің көмегімен зерттеу жасапты. Бірінші топ бүгінгі өмір мен дәл осы сәт секілді тақырыптарға психологиялық кеңес алыпты да, екінші топ зерттеуге қатысы жоқ дұрыс тамақтану тақырыбында әңгімен тыңдаған. Әрбір топта да өз саласының мамандары дәріс оқыған. Оқу басталуға бір апта қалған кезде екі топ та вербалды ақпарат пен есте сақтау қабілетін тексеретін тестке қатысқан. Ал тест тапсыру кезіндегі «ойлар адасуы» ерекше бақылауда болған. Нәтижесінде, сәтті сезіну, бүгінімен өмір сүру турасында дәріс тыңдаған студенттер жақсы көрсеткішке ие болған.
Сонымен, зерттеу еске сақтау қабілетіңізді жақсартып, бақытты өмір кешкіңіз келсе ертеңгі күннің кикілжіңдері мен өткеннің өткелдерінен аулақ болыңыз!
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: transurfing-real.ru
А. Құлтай