Адам өмірінде кітап-журналдар оқудың маңызы зор. Оқу - білімді арттырудың қолжетімді әрі танымды кеңейтетін тәсілі. Заманына сәйкес адамдарына да ең мықты деген ақпараттар легі қажет. Мұнымен қатар көп ақпаратты аз уақыт ішінде қабылдау тағы да бар. Кезекті материалымызда жылдам оқуға көмектесетін оңтайлы тәсілдерді ұсынамыз:
1. Өзіңізге ыңғайлы болатындай жағдай жасаңыз. Оқу үдерісін ыңғайлы да жағымды қылуға тырысыңыз. Ол үшін өзіңізге қалай оқыған дұрыс екендігін шешіп алыңыз. Мүмкін отырып немесе жастық жастанып жатып оқығанды жақсы көретін шығарсыз. Алайда кітапты жатып оқудың денсаулыққа зиян екенін ұмытпаңыз. Кезекте алаңдайтындай бөгде шарулар болмауы керек және сізді ешкім мазаламауы тиіс. Осылардың арқасында миыңыз ақпаратты жақсы қабылдап, оқу үдерісі ләззат сыйлайтын болады.
2. Көзіңізді шаршатып алмаңыз. Көз – адам баласының ең қымбат байлықтарының бірі. Сол себепті кітап пен көзіңіздің арасында дұрыс ара-қашықтық болуы тиіс. Мұнымен қатар сіз кітап оқып жатқан бөлменің іші жарық болғаны жөн. Оқу барысында көзіңіздің шаршап кеткендігін байқасаңыз, біраз уақыт демалып, арнайы жаттығулар жасаңыз.
3. Мәселенің түйінін түсініп алыңыз. Бөгде ойларды басыңыздан шығарып, тек кітап ішіндегі оқиғаларды ойша елестетіп отырыңыз. Өзіңізге бейтаныс сөздердің мағынасын түсініп алыңыз. Оларды іздеуден еш ерінбеңіз. Мәтін құрылымына анализ жүргізіңіз. Оқығаныңызға сәйкес өзіндік пікіріңізді қалыптастырыңыз. Оқығаныңызды шынайы өмірде өз керегіңізге жаратуды ұмытпаңыз.
4. Белсенді оқу техникасын жүзеге асырыңыз. Оқығаныңыздың ішіндегі ең маңызды деген жерлерін арнайы дәптерге түртіп отырыңыз. Осылайша қажет мәліметті кез келген жерде есіңізге түсіре аласыз.
5. Оқу үдерісі мен физикалық жаттығуларды кезектестіріп отырыңыз. Оқу үдерісі мен физикалық жаттығуларды қатарластыра отырып кез келген ауырсынудан арылуға болады. Бұдан өзге жинақталған ақпарат мида өте жақсы өңделеді. Жаттығулар миды оттекпен қамтамасыз етіп, кез келген ауруларды алдын алуға көмектеседі.
Ал сіз кітапты қалай оқисыз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: kotofot.ru, shkolazhizni.ru